Жаңалықтар

Балаларға арналған қарапайым ережелер

Балаларға арналған қарапайым ережелер

Жуырда Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді және басқа да интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар мен нұсқаулар жарияланды. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және жалпы интернет желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмау үшін балалар төмендегі мына қарапайым ережелерді есте сақтауы керек: - ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата-аналардың, туыстарың, достардың деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, оқу орны, телефоны, фотосуреттері және т.б.) желінің басқа пайдаланушыларына хабарлауға болмайды. Бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да; - интернет-сайттар мен әлеуметтік медиа пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттері, немесе тіпті балалардың деректерін пайдалана алатынын есте сақтау керек; - интернет қолданушылары тарапынан қауіп-қатерден қорқудың қажеті жоқ, шындығында, олар сізге жеке, сіздің жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін оларды қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде сіз бұл туралы ата-анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және өзге де туыстарыңызға дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды. - ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа интернет-ресурстардың басқа пайдаланушыларының тапсырмаларын немесе нұсқауларын орындамаңыз. Ең қарапайым нәрсе – олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және басқа да онлайн-сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз. - өзіңізге қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын бұл қосымша не үшін қажеттігі туралы интернеттен оқыңыз. Жасұлан Бақытбекұлы