ОЙЫННАН ОТ ШЫҒАДЫ ДЕГЕН ОСЫ БОЛАР...
ОЙЫННАН ОТ ШЫҒАДЫ ДЕГЕН ОСЫ БОЛАР...
Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 2015 жылғы бүлдіршін жедел жәрдеммен жеткізіледі. Дәрігерлер тексеруі барысында балақайдың мойын күре тамыры жарылып, ауыр жарақат алғаны анықталды. Оқиға ойын кезінде болған. Бүлдіршін есік алдында құрылыс алаңшасында ойнап жүріп құлап, темір арматура мойын тамырын кесіп кеткен. Атқылаған қаннан баланың халі нашарлап, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реанимация бөліміне түседі. Кейіннен ота бөліміне жедел ауыстырылып, ЛОР дәрігер-хирург И.В. Мойсюк, жарақат бөлімінің дәрігері К.Т.Женисбаев, тамыр (сосудистый) хирург А.А.Ұлтарақов, анестезиолог Кенжетай Рахимжанұлының бақылауында ота жасалынады. Ота кезінде бүлдіршіннің көп қан жоғалтуына байланысты қан құйылады. Мойын тамырлары қалпына келтіріледі. Дәрігерлердің жедел әрі білікті әрекет етуінің арқасында баланың өміріне қауіп төнбеді. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды. Он сегіз жасқа дейінгі балалар міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жеңілдетілген тобына енгізілетіндіктен, емдік шаралар мен ота тегін жасалады. Ойын баласын бақылаудан тыс қалдыруға болмайтынын осындай оқиғалардан кейін анық түсінесің. Сақтықта қорлық жоқ, абай болыңыздар.