Жаңалықтар

Ой шеберлері бақ сынады

Ой шеберлері бақ сынады

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» тақырыбында әртүрлі этнос жастары арасында облыстық «Ой шебері» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – әртүрлі этнос жастарының білім деңгейін және шығармашылық ізденісін арттыру, алған білімдерін мемлекеттік тілде пайдалануға баулу. Сонымен қатар олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету, зейінді, тапқыр, білімді жастарды анықтау. Ойынға өзбек, әзірбайжан, түрік, қарашай, кәріс, орыс, украин, қырғыз, қазақ және тағы басқа ұлт өкілдерінен құралған командалар қатысты. Атаулы шараның жалпы жүлде қоры 225 000 теңгені құрады. Зияткерлік сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Жылдам ойлауды талап ететін ойындар және әртүрлі тақырыптарды және бағыттарды қамтитын сұрақтарды қою арқылы жеңімпаздар анықталды. Ой шеберлерін анықтаған сайыста жалпы облыс бойынша 9 команда бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша «International» командасы І орынды иеленді. Жеңімпаз командаға 100 000 теңгенің сертификаты табысталды. Екінші орынға (75 000 теңге) «КНБ» командасы лайық деп танылды. Үздік үштікті «Темір тұлпар» командасы (50 000 теңге) түйіндеді. Ақтоты Жаңабай