«ЖАМБЫЛ, КЕНЕН ҰРПАҚТАРЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙДЫ»
«ЖАМБЫЛ, КЕНЕН ҰРПАҚТАРЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙДЫ»
2023 жылдың 6 қараша – 6 желтоқсан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану» орталығы «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы тағдырлы, талайлы жолдары жайын толғайтын «Жамбыл, Кенен ұрпақтары – тәуелсіздікті жырлайды» атты облыстық жас ақындардың жабық мүшәйрасы өтеді. Мүшәйраның мақсаты – ұлтымыздың ұлы ақындары Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармаларын насихаттай отырып, тәуелсіз еліміздің өткен тарихы мен бүгінгі жасампаз келбетін паш ету; – қазақ әдебиетінің дамуына жас ақындардың үлесін қосу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету, дәріптеу; – оларға қолдау көрсету, жоғары деңгейдегі өлең-жырларды жазуға ынталандыру, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау; – жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Мүшәйраның талаптары мен шарттары: «Жамбыл, Кененге арнау» тақырыбы бойынша 1 шығарма /өлең/; тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы тағдырлы, талайлы жолдары жайын толғайтын 2 шығарма /өлең/; Мүшәйраға облысымыздың 17-35 жас аралығындағы барлық ақындары қатыса алады. Шығарманың көлемі 5 шумақтан кем болмауы және 15 шумақтан аспауы керек. Ақындардың шеберлігіне, өлең ұйқасына, ой тереңдігі мен жүйелілігіне, сөз көркемдігіне, мағынасына, тіл тазалығына баса назар аударылады; Ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды; Ұсынылған еңбектер компьютер арқылы терілген болуы тиіс. Microsoft Word файлды форматты түрінде Times New Roman қарпі, 14-ші әріппен (шрифтпен), А4 парақ форматында терілуі керек. Қолмен жазылған шығармалар қабылданбайды. Ұсынылған шығарма 5 дана болып, бірінші конвертке тек қана бүркеншек атпен ұсынылуы керек; Ақын өзі туралы мәліметті (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, мекенжайы, байланыс телефоны, жеке куәлігі /көшірмесі/ мен 9х12 суреті мен бүркеншек атын екінші конвертке салып ) ұсынуы керек; Ұсынылған шығарма талапқа сай болмаса, яғни шығармасына аты-жөнін жазып жіберсе, мүшәйраға қатыстырылмайды. Қатысушылардың шығармалары 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін қабылданады; Қабылданған өлеңдер арнайы бекітілген қазылар алқасының сараптауынан жабық түрде өтеді; Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, кәдесыйлар тапсырылады. Мүшәйра кезеңдері: 1. Іріктеу кезеңі – 6 желтоқсан; 2. Марапаттау кезеңі – 13 желтоқсан. Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 18/2 ғимараты, «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында» өтеді. Марапаттау: Бас жүлде – 1; І орын – 1; ІІ орын – 1; ІІІ орын –1. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» ресми парақшасында жарияланып, БАҚ арқылы насихатталады. Мүшәйраға қатысушылар 2 конвертке салынған шығармалары мен өздері туралы анықтамаларын Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі №1, «Жамбылтану» бөліміне басқа адам арқылы (автордың кім екені белгісіз болуы үшін) тапсыруы тиіс немесе почта арқылы жіберулері керек. Анықтама үшін байланыс телефондары: 8(7262)450184, 87026040031. «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану» орталығының «Жамбылтану» бөлімі