Брифинг

Білім сапасы артып келеді

Білім сапасы артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің қатысуымен «Қолжетімді әрі сапалы білім» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Брифинг барысында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, материалдық-техникалық базаның нығаюы, облыс оқушыларының қосымша біліммен қамтылуы, тәрбие бағыты, білім саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықтар туралы айтылды. – Облыста 2023-2024 оқу жылында 585 мектепке дейінгі мекемеде 60 мыңға жуық бала тәрбиеленсе, 501 жалпы білім беретін мектепте 246917 оқушы білім алады. 78 қосымша білім беру ұйымдарында 68620 бала, ал 44 техникалық және кәсіптік білім мекемесінде 26164 студент білім алуда. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған 2-6 жастағы балалардың үлесі 94,2 пайыз, 3-6 жастағы балалардың үлесі 100 пайыз. Жыл басынан 2845 орындық 14 жекеменшік балабақша ашылды. 445 күндізгі мектепте 234 336 оқушы, 49 жекеменшік мектепте 11418 оқушы, 3 кешкі мектепте 640 оқушы, 5 арнайы мектепте 523 оқушы білім алуда. Осы жылға 17 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 4,4 миллиард теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күні 14 білім нысанында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыста 78 қосымша білім беру мекемесінде 68620 оқушы, мектептегі үйірмелерде 110342 оқушы, мәдениет және спорт басқармалары арқылы 13732 бала қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 81,1 пайызды құрап отыр. Қоғамның игілігіне қызмет атқаратын ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Бұл бағытта осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы оқу-тәрбие процесіне енгізілді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру жолы негізінде «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары арқылы жүзеге асырылады. Биыл бірінші рет ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасы өткізілмек, – деді басқарма басшысы. Брифинг соңында Мейірхан Азатұлы журналистердің сауалына жауап берді. Айжан ӨЗБЕКОВА