ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ –
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ –
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында облыстың шетелдік компаниялармен сауда-экономикалық әріптестігін, тығыз өңіраралық өзара байланысын нығайтуға баса назар аударылды. Аймақ басшысы Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының басшысы Ерік Өтембаевпен поляк компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты, нақтырақ айтқанда тау-кен және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіміз бен жоспарларды талқылады. Сондай-ақ тараптар ауылшаруашылығы техникаларын шығару, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерге көңіл бөлді. – Креативті индустрияны дамытуда өңірімізде тігін, тоқыма кластерін құруға ерекше назар аудару маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын. Бұл экономика өсімінің жаңа көздерін құруға, инвестициялық және туристік ағымдарды тартуға мүмкіндік береді. Біз жоғары бизнес-әлеуетке ие болашағы бар шығармашылық бастамаларды қолдауға дайынбыз, – деді Ербол Қарашөкеев. Облыс әкімі кездесуде талқыланған жобаларды жан-жақты зерделеу, шетелдік компаниялармен тығыз байланыс орнату бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі