ҚҰТ ҚОНҒАН СҰРЫМБАЕВТАР ӘУЛЕТІ
ҚҰТ ҚОНҒАН СҰРЫМБАЕВТАР ӘУЛЕТІ
Биыл конкурсқа Қазақстан бойынша 3 344 отбасы қатысыпты. Байқауда бақ сынауға бел буғандардың 40 пайызы қалалық және 60 пайызы ауылдық отбасылар екен. Жалпы «Мерейлі отбасы» конкурс ғана емес, қайта халықтың ішіндегі үлгілі отбасылардың өнегесін көпке тарататын ұлттық жобаға айналып бара жатқандай. Шын мәнінде өнегелі отбасылар қоғамның айнасы болуы тиіс. Сондай үлгісін көпке көрсетіп отырған әулеттің бірі – Жуалы ауданындағы Сұрымбаевтар отбасы. Отбасының отағасы Қанатбек Сұрымбаев пен отанасы Қаракөз Айтбаеваның бас құрап, шаңырақ көтергендеріне 27 жыл болған. Қазіргі таңда 5 ұлы, 2 қызы және 1 немересі бар. Қ.Сұрымбаевтың жары Қаракөз Жамалбекқызы 1977 жылы Байзақ ауданы, Чапаев ауылында (қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген. Білімі – жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (қазіргі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған. Бүгінгі таңда Қызыларық ауылындағы №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаруда. Өмірінің 20 жылын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз. Көпбалалы ардақты ана. «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері. Сұрымбаевтар отбасы бүгінде елге танымал әулет. Қанатбек Жамалбекұлы 2012 жылдан бері «Дархан» шаруа қожалығының басшысы. Егіншілікпен, малшаруашылығымен айналысып, агросаланың дамуына елеулі үлес қосып келеді.