ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА ТӨНГЕН ҚАУІП СЕЙІЛМЕК
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТРАНЗАКЦИЯЛАРҒА ТӨНГЕН ҚАУІП СЕЙІЛМЕК
Алматы қаласында Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастығының капитал нарығын реттеушілердің екінші форумы өтті. Іс-шараға ОАӨЭЫ қатысушы 10 елдің, оның ішінде Әзірбайжан, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстанның реттеушілерінің өкілдері қатысты. Азия Даму Банкі Бас директорының орынбасары Сяохун Ян ханым өзінің құттықтау сөзінде реттеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың және әлемдік қаржы жүйелерін дамытудың ажырамас бөлігі болып табылатын капитал нарықтарының өзара ықпалдасуының маңыздылығын атап өтті. «ОАӨЭЫ экономикалық дағдарыс кезеңінде өңірлік деңгейде саясатқа тиісті контрциклдық шараларын әзірлеуді қоса алғанда, макроэкономикалық саясатты үйлестіру саласындағы саяси диалог пен өңірлік тәжірибе алмасуға жәрдемдесетін болады», деп атап өтті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева. Бүгінгі күні Қазақстан ТМД және ЕурАзЭҚ халықаралық ұйымдарына қатысу шеңберінде Еуразиялық кеңістік шеңберінде әртүрлі әріптес елдермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және ОАӨЭЫ-ға мүше емес көрші елдермен экономикалық байланыстардың маңыздылығын мойындайды. Банктік қадағалауды жаңғырту және стандарттау, капитал нарықтарының ынталандырушы реформалары сондай-ақ ОАӨЭЫ елдері арасындағы неғұрлым тығыз қаржылық ынтымақтастықты жолға қоюда аса маңызды рөл атқарады. ОАӨЭЫ алаңы – ұлттық реттеушілердің деректермен, талдаулармен алмасу және IOSCO стандарттарын қоса алғанда, халықаралық стандарттарға сәйкес жалпы практиканы әзірлеу қажеттіліктерін іске асырады. Форум шеңберінде капитал нарықтарының өңірлік ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бастамалар, тиімді өңірлік ынтымақтастық үшін капитал нарықтарының инфрақұрылымындағы инновациялар және олардың климаттық тұрғыдан маңызды қызметті қаржыландырудағы және орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі қаралды. «Мұндай форум реттеушілердің жалпы негіздемелік құрылымдарын, трансшекаралық транзакциялар үшін кедергілерді жою жөніндегі шараларды қалыптастыруға, сондай-ақ ОАӨЭЫ капитал нарығын дамытудың жаңа бағытын белгілеуге мүмкіндік береді» деп қорытындылады Мария Хаджиева. Жасұлан Сейілханов