Жаңалықтар

Олимпиададан олжалы оралды

Олимпиададан олжалы оралды

Жақында Жезқазған қаласында химия пәні бойынша 9-сынып оқушыларына арналған Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиада өтті. Сайысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының білім басқармасы және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты – дарынды бала­ларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру. Республикалық олимпиадаға әр өңірден 76 оқушы қатысты. Соның ішінде Жамбыл облысынан 3 оқушы бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, дарынды ер балаларға арналған мамандан­дырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Мирас Байсбек пен Алмас Ендібай кіл мықтылар бас қосқан пән олимпиадасында үшінші орынды қанжығаларына байлап қайтты. Жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жамбылдың атын шығарған жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз! Ақтоты Жаңабай