Қоғам

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де есігін айқара ашып, қазір облысымыздың түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жатыр. Кейбірі бірінші маусымды артқа тастап, келесі кезеңге балаларды күтіп отыр. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу әрі олардың сауығуын қамтамасыз ету үшін биыл облыста 215 мыңға жуық бала жазғы лагерьде демалады.

шысы Бейқұт Жамангозовтың айтуынша, облыс көлемінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Білім басқармасы тарапынан балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, өткізу бойынша облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған мәселеге байланысты 18 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен кеңес өтіп, тиісті басқарма басшыларына, аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарларына, білім бөлімдерінің басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. Жалпы жазғы сауықтырумен және түрлі демалыс шараларымен оқушыларды 100 пайыз қамту жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда 1-10-сынып аралығындағы 215 932 оқушыны түрлі демалыс шараларымен қамту жоспарда бар. Оның ішінде 70,3 пайызы (152 071 оқушы) жазғы сауықтырумен және 30,7 пайызы (63 861 оқушы) демалыс шараларымен қамтылады. Атап айтқанда, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде көпбалалы, аз қамсыздандырылған отбасылардан 7 683 бала, мектеп жанындағы тамақтанумен ұйымдастырылатын лагерьлерде 102 749 бала қамтылатын болады. Сондай-ақ мектеп жанындағы демалыс алаңдарындағы үйірмелерге 36 120 оқушы тартылмақ. Осы мақсатта көпбалалы, аз қамсыздандырылған отбасы балаларының жазғы сауықтыру демалысына жергілікті бюджеттен 453 миллион теңге қарастырылған. Оның 321 миллион теңгесі 7615 балаға қала сыртындағы лагерьлерде, 132 миллион теңгесі мектеп жанындағы сауықтыру шараларына 29314 оқушыға қарастырылып отыр. Бүгінгі күні қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінің нақты саны 11 болса, оның төртеуі мемлекеттік, екеуі сенімгерлікке берілген, бесеуі жекеменшіктегі лагерьлер. Жуырда білім басқармасының бұйрығымен жұмысшы топ құрылып, қала сыртындағы лагерьлердің жазғы маусымға дайындық жұмыстары зерделенді. Тексеріс жұмыстарына сәйкес 11 лагерьдің 10-ы балаларды қабылдау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ал Байзақ ауданының аумағында орналасқан «Кооператор» жекеменшік лагері күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтап тұр. Мемлекеттік лагері жоқ Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласындағы балаларды қала сыртындағы лагерьлерде сауықтыру үшін конкурстар өткізілуде. Қазіргі таңда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің қорытындыларын қала сыртындағы 2 лагерь алған (Қордай ауданындағы «Балауса», Талас ауданындағы «Жұрындысай» мемлекеттік лагерьлері). Қалған лагерьлерде аталған департамент қызметкерлерімен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. 1 маусымға дейін қорытындылары алынады. 20 мамыр күні облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қала сыртындағы лагерьлерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері мен лагерь басшыларына арналған оқыту семинары өтті. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері балаларды қабылдауды кезең-кезеңімен 6 маусымнан бастайды. Ал мектеп жанындағы легерьлер өз жұмыстарын 1 маусымнан бастайды. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын дұрыс ұйымдастыру басқарманың тұрақты бақылауында болады.

А.БЕКЕНҚЫЗЫ