Дариға жайлы дипфейк
Дариға жайлы дипфейк
«Facebook»-те тараған видеода Дариға Назарбаева қазақстандықтарға екі сағат ішінде 500 мың теңге табуға мүмкіндік беретін жобасы туралы айтады. Бұл – фейк. Видеоның түпнұсқасы үш жылдан астам уақыт бұрын ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы кезінде түсірілген. Бұл отырыс туралы сюжет «Хабар» телеарнасында 2019 жылдың 20 желтоқсанында шыққан және әлі де болса «YouTube»-те бар. Ол кезде Сенат спикері болған Дариға Назарбаева түпнұсқа видеода елдегі теміржолдардың жай-күйі туралы баяндайды. Ол тез ақша табуға болатын жаңа жоба туралы айтпайды. «Facebook»-те таралған роликтің авторы оны дыбыстап, монтаждаған, бастапқыда болған титрларды алып тастау үшін телесюжеттің кадрларын кесіп тастады. Бұл жарнамалық роликте айтылған тез табыс табу туралы ақпаратқа сенбеген жөн. Әдетте, жеңіл ақша табуды алаяқтар ұсынады.