Жаңалықтар

Ақпараттың бәрі ақиқат емес

Ақпараттың бәрі ақиқат емес

Оқырман көбіне сауатсыздықтың, ақпараттың жалған-растығын ажырата алмағаннан опық жейді. Әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралдарының көптеген міндетін шешуге мүмкіндік береді. Дегенмен де бұрыс әрі бұрмаланған ақпараттардан көз сүрінеді. Газет-журналдардың, цифрлық медиа мен аудио арналардың көпшілігі әлеуметтік желілерде өздерінің ресми парақшаларын тіркеген, арнайы қауымдастықтар жариялаған ақпараттың бәрін ақиқат деп айта алмайсыз. Оны анықтауда фактчекингтің маңызы зор. Әлеуметтік желілердің қолданушылары қарапайым адамдармен қатар мемлекет, саяси қайраткерлер, шоу-бизнес өкілдері мен әртүрлі саланың мамандары. Бұқаралық ақпарат құралдары халық алдында жүрген белсенділер мен қоғам қайраткерлері, шенеуніктердің әлеуметтік желілерде жариялаған мәлімдемелеріне жиі сілтеме жасайды. Бұрын тек ойын-сауық құралы ретінде қабылданған әлеуметтік желілердің қазіргі таңда мәртебесі мен әлеуетінің өскенін байқауға болады. Тіпті жалған ақпарат таратқандарды сот тарапына дейін жеткізіп, жаза қолдануда. Әрине, бұл тұрғыда оқырман да сауатсыздықтың, ақпараттың жалған-растығын ажырата алмағаннан опық жейді. Бір қарағанда мәліметтерді тексеру тар ауқымдағы әрі белгілі бір алаңдағы, жасампаздықты талап етпейтін жұмыс болып көрінеді, бірақ шын мәнінде олай емес. Бір жағынан мұндай амал оқырманға қарастырып жатқан дискуссия немесе сұхбаттың кешенді суретін көруге мүмкіндік береді. Себебі саясаткердің айтқан мәлімдемесін ғана көрсетіп қоймай, оның санын да көрсетіп отырады. Оқырман мәлімдеме барысында келтірілген дерек қаншалықты шындыққа жанасатынын бағалай алады. Екінші жағдайда, іріктеуді және бір тексеру аясында тексерілуі тиіс мәлімдеме санының аздығын ескере отырып, басқа да мәлімдемелерді сараптама және контекст жағынан терең тексеруге болады. «YouTube» бейнелері, мобильді қосымшалар, мақалалар, суреттер мен фотосуреттер – бұл заң қорғайтын авторлық құқық объектілері. Оларды тек автордың келісімімен пайдалануға болады. Желі барлық мазмұнмен толтырылған: фотосуреттер, мәтіндер, өлеңдер, комикстер, музыка және т.б қызықты ақпараттармен. Ол қолжетімді болғандықтан, оны өз қалауыңыз бойынша қабылдауға және пайдалануға болады. Мысалы, ұнаған суретіңізді желіден жүктей аласыз. Алайда кез келген фотосуретте автор бар, ол сот арқылы авторлықты дәлелдей алады және кәсіпкерден жүздеген мың теңге өтемақы талап етеді. Естеріңізде болса, «WhatsApp» мессенджерінде «Балаларға мектеп, дүкен, көшелерде белгісіз біреулер есірткі қосылған конфет таратып жатыр, соның әсерінен балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатыр» деген аудиохабарлама тараған. Нақты мәтіні мынандай: «Әсем, сәлем, қалайсың? Мына конфеттерді балаларыңа көрсет, қазір бүкіл балаға осы конфеттер тегін таратылып жатыр. Танымайтын адамнан, мектеп маңайында, жолда, дүкен жақта ешкімнен алмасын. Оларға есірткі қосылған, балалар уланып, ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандар бар дейді. Көкшетауда қайтыс болды, Қостанайда да қайтыс болған. Соның бәрі осы конфеттен, балаларыңа көрсет, көрсін, алмасын». Алайда бұл – жалған ақпарат. Құзырлы орган жалған ақпарат таратқан азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Жалған ақпаратпен көпшілікті манипуляциялау, қорқыту, негізсіз болжамдар айту, тиісті мекемелерді дәлелсіз қаралау, жалған ақпараттарды таратудың соңы ойын-сауық, бос күлкі емес. Көпшілікті дүрліктіру шын мәнінде қылмыс екенін білген дұрыс. Тіпті сізге келген хабарламалардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізбей, таратуға асықпаңыз. Ақпараттарды саралай, анықтай біліңіз. Бүгінде түрлі органдар бұл мәселемен жұмыс істеп, тіпті халықты сауаттандыру мақсатында әрекеттер жасалып жатыр. Аружан МӘУЛЕНБАЙ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ІІІ курс студенті