Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӘР АДАМНАН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде "бес институционалдық реформа" және ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Заңнамалық база жетілдірілуде, берік институционалдық негіз құрылды, мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік және этикалық мінез-құлқына нақты талаптар енгізілді. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жастарға әсері өте қауіпті екенін ескерген жөн. Әрбір патриот өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұруға тырысады. Ондағы мақсат — қоғам, бизнес және жалпы адамдардың бүкіл өмірі парасыз, еркін болатын жағдайлар жасау. "Тараз-Парасат" колледжінде Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" тапсырысы бойынша «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі "Жастар арасында сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру" жобасы аясында конференция өткізді. Конференция жұмысына сот және атқарушы органдардың өкілдері, оқу ордасының қызметкерлері мен студенттер қатысты. Шара соңында қатысушылар мамандарға өз сауалдарын жолдады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.