Қақпа алдында кездесу
Қақпа алдында кездесу
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінен қос азамат бостандыққа жолдама алды. Олардың алғашқысы яғни, 1989 жылғы азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты, ал 21 жастағы жігіт шартты түрде мерзімінен бұрын еркін өмірге қадам басып отыр. Айта кетейік, қос жігіттің бірі Қылмыстық Кодекстің 346 бабының 1 бөлігімен, екіншісі 345 баптың 4 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, сот үкімімен бас бостандықтарынан айырылған. Бұл күні еркіндікке жолдама алғандарға «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында тиісті ақыл-кеңестер берілді. Нақтылай түссек, сотты болғандарға заң талаптарын бұзбау мен қайта қылмысқа бармау жөнінде кеңінен түсіндірілді.