Ноғайбай ауылында тындырымды тірлік бар
Ноғайбай ауылында тындырымды тірлік бар
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қордай ауданы, Ноғайбай ауылдық округінің әкімі Ер-Серік Ешмұраттың қатысуымен брифинг өтті. Онда аталмыш округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды. Ноғайбай ауылдық округі аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Округтің аумағы 41 301,2 гектарды құрайды. Ноғайбай, Шарбақты, Сарыбастау сынды ауылдар қарайтын бұл округте барлығы 580 оқушыға арналған 1 орта, 1 негізгі мектеп бар, 960 білімгерге арналған ауылшаруашылық колледжі, 140 балаға арналған мемлекеттік бөбекжай, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 2 кітапхана бар. Жалпы округте инвестиция тарту көлемі 204 785 мың теңгені құрап отыр. Егін және малшаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтардың саны – 82. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 2. Округте 88 жеке кәсіпкер әртүрлі сала бойынша жұмыс істейді. Шаруа қожалықтарының барлық жер көлемі – 37901,2 гектар. Бүгінде шаруа қожалықтарда барлығы 7676 гектар жерге егістік егілсе, оның ішінде биыл күздік бидай – 2652, арпа – 1314, жүгері – 40, сафлор – 20, көпжылдық шөп 500 гектарға егілген. Ер-Серік Аманбекұлы ветеринария саласы, жолдар, жарықтандыру, табиғи газбен жабдықтау, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары, ауызсу тарту, жұмыспен қамту қылмыстық құқықбұзушылықтармен күрес жұмыстарына тоқталып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. А.ӨЗБЕКОВА