Жаңалықтар

Аймақ спортшылары Азияны мойындатты

Аймақ спортшылары Азияны мойындатты

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев XІX жазғы Азия және IV жазғы Пара Азия ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлерін қабылдады. Кездесуде өңір басшысы спортшылардың облыс, тіпті еліміздің спорт саласын дамытуға қосқан үлесі мен еңбегін ерекше атап өтті. Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін, жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

XІX жазғы Азия ойындарында жүлдегер атанған келесі спортшылар мен жаттықтырушылар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және қаржылай сертификаттарымен марапатталды. Атап айтсақ, XІX жазғы Азия ойындарында кураш спорт түрінен қоржынымызға күміс жүлде салған Бекәділ Шаймерденов, жаттықтырушысы Рақымжан Қожатаев, XІX жазғы Азия ойындарында бокстан қола жүлдегер атанған Асланбек Шымбергенов, жаттықтырушысы Ермек Ертаев, су добынан Қазақстан ұлттық құрама команда сапында жүлделі үшінші орын иеленген облыс спортшылары атынан команда жаттықтырушысы Әсел Жакаева марапатталды. Одан соң IV жазғы Пара Азия ойындарында жүзуден екі дүркін чемпион атанған Нұрдәулет Жұмағали, жүзуден қола жүлдеге қол жеткізген Зүльфия Габидуллина, жаттықтырушы Саттар Бейсембаев, таеквондодан күміс жүлдегер Нышан Өмірәлі, жаттықтырушы Нұржан Есілбаев облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және қаржылай сертификаттарымен марапатталды. Спортшылар халықаралық жарыстарда өнер көрсетуден алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев спортшыларға келесі жылы Франция астанасы Парижде өтетін алдағы жарыстарға сәттілік пен жеңіс тіледі. Эльмира БАЙНАЗАРОВА elmira231284@mail.ru