Жаңалықтар

Зардап шеккендерге төленетін төлемдер

Зардап шеккендерге төленетін төлемдер

Әлеуметтік желілерде алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтарға мың доллар көлемінде төлемдер төленетініне кепілдік беретін бағдарламаның жарнамасы таралуда. Тиісті заңға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған екен. Бұл жалған. ҚР Президентінің ресми сайтында алаяқтардың құрбаны болғандарға 1000 доллар көлемінде төлем жасауға кепілдік беретін заң туралы ақпарат жоқ. ҚР Парламентінің сайтында да мұндай заң туралы ештеңе жазылмаған. Ірі республикалық БАҚ-тарда төлемдер туралы хабарланған жоқ. Алаяқтардан зардап шеккендер тез арада банкке хабарласып, орындалған ақшалай транзакцияны жоюға болатынын анықтауға тиіс. Егер бұл мүмкін болмаса, жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінуі керек. Демек алаяқтардың құрбандарына төлемдер төленетіні туралы хабарлама – жалған. Мұндай норма туралы беделді дереккөздерде жазылмаған. Ж.БАҚЫТБЕКҰЛЫ