Құрылымды БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Құрылымды БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Мүксімовтің төрағалығымен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп тиісті салада жүргізілген аралық талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша кеңес өткізілді. Іс-шараға Ауылшаруашылығы министрлігі, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық және бизнес сектор өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында жұмыс топтарының осы жылдың 11 қыркүйек-9 қазан аралығында жүргізілген талдау жұмыстарының аралық нәтижелері талқыланды. Талдау жұмыстары барысында 400-ге жуық функция талданып, орталық деңгейде 4 департамент пен 2 бағынысты ұйым, өңірлік деңгейде 280-ге жуық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі зерделенді. Осы уақытқа дейін жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде жалпы 89 ұсыныс әзірленді. Әзірленген ұсыныстар жер, ветеринарлық бақылау, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзекті мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес процестерін оңтайландыру, дербес жауапкершілікті арттыру, бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі мен «Электрондық үкімет» порталы арасындағы интеграция және заңнамаларға өзгерістер енгізу. Жиын барысында көтерілген мәселелерді қосымша зерделеп, пысықтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. «AR-AI»-ақпарат