Руханият

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, са­палы білім, табысты ұлт» атты білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру ұйымдарында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» білім берудің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатқанын атап өткен бо­латын. – Министрлік оқушылармен, ата-ана­лармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Барлық білім беру ұйымдарында ата- аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады. Олардың ең бірінші басымдығы – бала­ларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту,- деді министр. Осыған орай бүгін Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда ата аналарды қолдау орталығы ашылды. – Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттің қатарында білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы балаларды тәрбиелеу және дамытудағы өзара іс-қимылды нығайту, отбасылық тәрбие процесінде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың уәждемесін арт­тыру қарастырылады. Бұл орталықтың жұмысына барлық ұстаздар қауымы мен ата-аналар белсенді қатысады деп сенемін. Мектеп директоры Әсем Ибрашқызы мен ұстаздар қауымын осындай орталықтың ашылуымен құттықтаймын,- деп өз игі тілегімді жеткіздім. Бұл орталықтың негізгі мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту. Бұл жұмыстар оқу жылының соңына дейін жоспарға сай өткізілетін болады. Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы