Ауыл шаруашылығы

Ветеринариялық қауіпсіздік бойынша бірлескен кеңес өтті

Ветеринариялық қауіпсіздік бойынша бірлескен кеңес өтті

Ветеринария саласы-жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Осы ретте, бүгін облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың төралығымен ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелермен бірлескен кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Жандар Коекеев, «Республикалық ветеринарлық зертхана» Жамбыл филиалының директоры Ерсін Замишев, сондай-ақ қала мен аудандардың ветеринариялық станцияларының басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, облыстағы эпизоотиялық ахуал мен бірлескен жоспарлы іс-шаралар мәселелері талқыланды.