Руханият

Қазақтар тілге деген құрметті Сұлтан Бейбарыстан үлгі етсе екен

Қазақтар тілге деген құрметті Сұлтан Бейбарыстан үлгі етсе екен

Биыл – Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл. Осыған орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің Барысы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. width=

Дөңгелек үстелге М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының 1-ші курс студенттері қатысты. Мысыр елін 17 жыл билеп, мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған даңқты бабамыз Бейбарыстың Дешті Қыпшақтың тумасы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген әрі мойындалған. Расында да Сұлтан Бейбарыс – Қазақ-Мысыр жұртшылығы үшін қайталанбайтын қайраткер. Ол өз заманында яғни, мемлекеттің қалыптасу кезеңінде жетістікке жеткен ірі қайраткер екенін таныта алды. Сондай-ақ Бейбарыс тек Мысырды ғана емес, Ислам дінінде қорғап қалған тарихи тұлға. «Сұлтан Бейбарыс бабамыздың әлемдік тарихнамада алатын орны ерекше. Әсіресе, түркі әлемінде бабамыздың тұғыры жоғары. Оның салтанат құрған дәуірі Дешті Қыпшақтың билеушісі яғни, Алтын Орда ханы Беркенің билік құрған кезеңімен тұспа-тұс келеді. Екеуі үнемі дипломатиялық қарым-қатынаста болған. Мәселен, Сұлтан Бейбарыстың хатшысы Абдаллаһ Адез Аз-Заһирдің дерегіне сүйенсек ол Берке ханға хатын тек қыпшақ тілінде жазып отырғанын аңғарамыз. Бұдан біздің байқайтынымыз Бейбарыс Сұлтан жырақта жүрсе де өз ана тіліне деген құрметтің жоғалмағанын көреміз. Тіпті кей деректерде ол мысырлықтармен тілмаш арқылы сөйлескен деген де мәліметтерді кездестіруге болады. Қазіргі қазақтар Сұлтан Бейбарыс бабамыздың осы бір қасиетті ұстанымын яғни, тілге деген құрметі мен жанашырлығын үлгі етсе екен» дейді тарихшы, деректанушы Асылжан Шайділдаев. Расында да Мәмүлік сұлтандары мен Алтын Орда мемлекеті арасында одақ құрылды. Бейбарыс пен Беркенін достығының себебі көп. Біріншіден, Мәмлүк билеушісінің Отаны – Алтын Орда. Екіншіден, Мысыр сұлтаны Берке ханның саяси және діни көзқарасына қолдау білдірді. «Сұлтан Бейбарыс – қазақ халқы мен Мысыр жұртына ортақ тұлға. Оның мемлекет құру ісіндегі табандылығы, ерен еңбегі мен мұрасы біздергі зор үлгі. Қазіргі зжастарымыздың ұлттық рухын көтеруге үлгі болатын тарихи тұлғанын бірегейі де осы Сұлтан Бейбарыс. Бүгінгі кездесуден біздер өте үлкен әсер алдық. Алдағы уақттарда да осындай тарихи-танымдық кездесулер болса біздер үшін ғажап тәжірибе болар еді. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырған музей ұжымына алғысымзды білдіреміз» деді өз сөзінде аға оқытушы, тарих ғылымдарының магистрі Жанна Азизханқызы.

  Мадияр ЕРАЛЫҰЛЫ