ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРГЕ ОЛ АШАДЫ
ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРГЕ ОЛ АШАДЫ
Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында әскери жиынға шақырылған аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесуде сөйлеген сөзінде: «Қазір адамдардың көбі патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік туралы көп әңгіме айтады. Бірақ нақты іске келгенде бұғып қалады. Қазіргі ахуал күрделі. Бірақ бәріміз бір ұлт, бір халық болып осы қиындықтарды жеңіп шығатынымызға ешқандай күмәнім жоқ. Бәрі жақсы болады. Біз, ең алдымен, қарапайым халыққа көмек көрсетіп жатырмыз. Ең алдымен біздің алдымызда тұрған мақсат – қарапайым халыққа қолдау көрсету. Халықсыз ешқандай экономика болмайды. Сондықтан патриотизм деген бұл қасиетті ұғымды нақты іспен дәлелдеу керек» деген болатын. Президенттің патриотизмге байланысты айтқан сөзі бүгін де, ертең де мәні мен маңызын еш жоймақ емес. Рас, кез келгеніміз өзімізді еліміздің патриоты санаймыз. «Мен елімнің патриотымын» деп кеуде қаққанда алдымызға жан салмаймыз. Әрине айтуға оңай. Ал шын мәнісінде сөзіміз бен ісіміз қаншалықты үйлесіп жатыр? Патриот азамат ретінде еліміздің өсіпөркендеуі, дамуы, әлемге танылуы жолында не істеп жүрміз?! Өкінішке қарай дәл осы сұраққа көбіміздің жауап бере алмай, күмілжіп қалатынымыз анық. Дегенмен Мемлекет басшысы айтқандай, үндемей жүріп-ақ үлкен істер тындырып, патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетіп жүргендердің бірі спортшылар десек, ешкім қарсы дау айта қоймас. Отбасы, жеке өмірін кейінге ысырып қойып, жаттығу залын екінші үйі етіп, маңдайдан шүмектеп тер төгіп, әлемдік ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктетіп жүрген спортшыларды патриотизмнің символына баласақ та артық емес. Е н д е ш е ұ л т т ы қ м е р е к е – Республика күніне орай ұлтымыздың ұлылығын әлемге танытып жүрген спортшыларымыздың, жалпы Жамбыл спортының тәуелсіздік жылдарындағы толағай табыстарына, жарқын жетістіктеріне қысқаша шолу жасауды жөн көріп отырмыз. Жалпы тәуелсіздік жылдарындағы төртжылдықтың басты бәсекесі саналатын Олимпиада ойындарының тарихына көз жүгіртсек, ұлттық құрама сапындағы жамбылдық спортшылардың бағындырмаған биігі қалмағанын байқаймыз. Грек-рим күресінен 29 жасында Олимп шыңын бағындырған алғашқы қазақстандық Жақсылық Үшкемпіровтің, даңқты боксшы, 1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың жеңісті жолын кейінгі ізбасарлары өте сәтті жалғастыра білді. 1996 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет Атлантадағы ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Әлемнің кіл үздіктері бас қосқан дуы басым додаға алғаш рет қатысып жатқанына қарамастан Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медальға қол жеткізіп, командалық есепте 24-ші орынға табан тіреді. Ал Атлантада ел қоржынына 3 бірдей жүлдені жамбылдық жампоздар салып, мерейімізді өсірді. Атап өтер болсақ, ұлттық құрама сапындағы боксшыларымыз Ермахан Ыбырайымов пен Болат Ниязымбетов қола жүлдені қанағат тұтса, Болат Жұмаділов Олимпиада ойындарының күміс жүлдесімен күптелді. Араға төрт жыл салып Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарында да жамбылдық спортшылар тілеуін т і л е п , т а қ ы м қ ы с ы п от ы р ғ а н жанкүйерлерді жерге қаратпады. Бабы мен бағы келіскен Ермахан Ыбырайымов шаршы алаңда атой салып, төрт жыл бұрын Атлантада алған қола медалін Сиднейде алтынға алмастырды. Ал ақтық бәсекеде сәттілік серігі болмай, қарсыласына есе жіберген Болат Жұмаділов ел қоржынына тағы бір күміс жүлдені салды. Т.Рысқұлов ауданының тумасы Ислам Байрамуков еркін күрестен де ешкімге есе жібермейтінімізді дәлелдеп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына жалғыз алтын жүлдені 21 жасар жамбылдық жас дарын Бақтияр Артаев салып, Грекия төрінде еліміздің Әнұранын шырқатты. Сонымен қатар финалда Куба қабыланын тас-талқан етіп ұтқан жамбылдық былғары қолғап шебері алтынмен қоса ең үздік боксшыға берілетін «Вэл Баркер» кубогін елге әкелген еді. Ал Лондон Олимпиадасында (2012 жыл) Ақжүрек Таңатаровтың айы оңынан туды. Өкінішке қарай әділетсіздіктің құрбаны болған Ақжүрек Таңатаров алтын жүлдеге қол созым қалған жерде сүрініп, қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды. Сондайақ ел мақтаған дзюдошы Елдос Сметов екі Олимпиадада ел намысын лайықты қорғап, төбемізді көкке жеткізді. Тек Жамбыл облысының ғана емес, Қазақстанның мақтанышына айналған Елдос Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленіп, үздік ойын өрнегімен шын мықты екенін мойындатты. Сурдлимпиада, Паралимпиада ойында р ы н д а д а ж а мб ы л д ы қ спортшылар әрдайым сенім үдесінен шығып келеді. Мәселен өткен жылы Бразилияның Кашиас-дуСул қаласында өткен XXIV жазғы С у рд л и м п и а д а о й ы н д а р ы н д а Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 29 жүлде иеленді. Ел қоржынына түскен жүлденің он бірі жамбылдық спортшылардың еншісінде. Мұнан бөлек түрлі әлемдік, халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктеріміз қаншама?! Тізбелесек, санап тауыса алмаспыз. Облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов әрбір жеңіс спорт саласына мемлекет тарапынан көрсетілген сенім мен қолдаудың нәтижесі екенін айтады. – Дені сау ұлт қалыптастыру – мемлекеттік-әлеуметтік саясаттың басты бағыт тарының бірі. Ал денсаулықтың кепілі спорт екенін жақсы білеміз. Сол үшін де мемлекет тарапынан спорт саласын дамытуға, қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінгі таңда өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. 2001 жылы облыста денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 8 пайыз ғана болған. 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар саны 489 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 40 пайызына жетті. Егер жаңа нысандар бой көтермесе, спорт кешендері халыққа қолжетімді болмаса, денешынықтырумен және спортпен айналысатындардың көрсеткіші өспейтін еді. Алдағы уақытта да Президентіміз ҚасымЖомарт Кемелұлы айтып өткендей спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жұмыстарды уақыт талабына сай жалғастыра беретін боламыз Сондай-ақ жыл басынан бері 2 835 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 193,7 мың адам қамтылды. Қазіргі таңда облыс көлемінде басқармаға қ а р а с т ы 5 3 с п о р т м е к е м е с і жұмыс атқаруда. Аталған спорт мекемелерінде 28 447 спортшымен тұрақты түрде 1 064 жаттықтырушы жұмыс істейді. Сонымен қатар өңірде спорттың 78 түрі қамтылған. 683 облыс спортшысы түрлі деңгейдегі ұлттық құрама командаларға мүше (253 спортшы – ұлттық құрама, 225 спортшы – жастар құрамасы, 205 спортшы – жасөспірімдер құрамасы). Облысымыздың спортшылары, мақтаныштары жыл басынан бері республикалық және халықаралық жарыстарда 1 109 медальға ие болды, – деген Арман Бақытжанұлы саладағы жоғары жетістіктерге қысқаша тоқталып өтті. Жуырда ғана Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен XІX жазғы Азия ойындарына облысымыздан 37 спортшы 12 спорт түрінен қатысыпты. Әлемнің 45 мемлекетінен 12 мың спортшы бақ сынаған Азия ойындарының қорытындысы бойынша жамбылдық спортшылар 1 күміс, 3 қола медаль және 2024 жылы Франция астанасы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 1 лицензия жеңіп алыпты. Басқарма басшысының айтуынша, Азия ойындарына қатысқан ұлттық қ ұ р а м а к о м а н д а н ы ң с а п ы н д а жамбылдық спортшылар Алматы (108 спортшы), Астана (70 спортшы) және Шымкент (64 спортшы) қалаларының атлеттерінен кейін 37 спортшымен төртінші орында тұр. Бұған дейін 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVІІ жазғы Азия ойындарына 22 спортшы қатысса, 2018 жылы Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында өткен XVІІІ жазғы Азия ойындарына 25 жамбылдық спортшы қатысқан болатын. Бірнеше күн бұрын, яғни 22 қазан күні Ханчжоу (ҚХР) қаласында IV пара Азия ойындарының алауы тұтанды. 28 қазанға дейін жалғасатын жарыста облысымыздан 8 спортшы 5 спорт түрінен ел намысын қорғайды. 2024 жылы Парижде өтетін XXXІІІ жазғы Олимпиада және XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына лицензия алуға үміткер 21 спортшы бар екенін айтқан Арман Бақытжанұлы келесі кезекте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде денешынықтыру мен спортты дамыту бағытында атқарылатын жұмыстардың бірсыпырасына тоқталды. – Облыстың спорт саласын дамыту мақсатында бүгінге дейін атқарылған жұмыстар аз емес. Тиісінше алда ауқымды міндеттер күтіп тұр. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының денешынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес тиісті жұмыстар жалғасатын болады. Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын үміткер-спортшылар қатарын арттыру да алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі. Спорт түрлері бойынша федерациялармен жұмысты жалғастырып, жандандыру, жаттықтырушыларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау да күн тәртібінде тұрған мәселелердің қатарында. Сонымен қатар 2023 жылға құрылысы жоспарланған 38 заманауи спорт алаңшасының құрылысын аяқтап, жылдың соңына дейін Байзақ және Қордай аудандарында балаларжасөспірімдер денешынықтыру даярлығы клубтарын ашуымыз керек, – дейді Арман Ташметов. Спортшыларымыздың жетістігі жайлы сөз қозғағанда, жуырда ғана Тараз қаласында өткен көкпардан ересектер арасындағы ХХІІ Қазақстан Республикасының чемпионатында «Әулиеата» командасының топ жарғанын айтпай кетуге болмайды. Ұлттық спортты ұлықтап жүрген көкпаршыларымыз қарсыластарының қ а рл ы ғ ы н қ о ғ а д а й ж а п ы р ы п , 13 дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Енді басқа қала немесе облыстардың көкпар командаларының «әулиеаталықтардың» жетістігін қайталағаны былай тұрсын, алдымен жетіп алуы үшін талай жыл еңбектенуіне тура келеді. Айтпақшы, жуырда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі белсенді жастармен кездесті. Сонда аймақ басшысы «Әулиеата» командасына елімізде тең келетін қарсылас жоқтығын, көкпардан көшбасшы екенімізді, алайда өңірімізде заман талабына сай ипподромның жоқтығын қынжыла жеткізді. Жалпы ұлттық спорт десе ішкен асын жерге қоятын жамбылдық жұртшылықтың «Таразға тәуір ипподром қажет» деп жүргеніне талай жылдың жүзі болған. Енді ипподром мәселесі облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының тікелей бақылауында десек те болады. Сондықтан жуық жылдарда ат спортының кез келген түрінен жұлдызы биік облысымызда «Көкпар арена» немесе Нәби Момынов атындағы ипподром есігін айқара ашатынына сенімдіміз. Сондай-ақ осыдан екі апта бұрын шамасында Ербол Шырақпайұлы спорт саласының ардагерлерімен кездесіп, балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту, спорт нысандарын салу, кәсіби клубтарды дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысқан түрлі спорт түрлерінен еңбек сіңірген жаттықтырушылар саланы әрмен қарай дамыту мақсатындағы көптеген ұсыныстарын, ойларын ортаға салды. Ал аймақ басшысы облысымызда спорт саласын дамыту бойынша Жол картасы әзірленетінін жеткізді. Демек, спорт саласын алда үлкен өзгерістер, жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Ал өзгерістер жарқын жеңістерге жол бастайтыны анық. Талғат НҰРХАНОВ