ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ
ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ
Осы мақсатта Меркі ауданы әкімінің орынбасары Берік Бегалиев табиғат аясында әр салада көшбасшылық танытып жүрген Меркі ауданының белсенді жастарының басын қосып, кездесу өткізді. Кездесуде Берік Дүйсенбайұлы ауданымызды көркейту, дамыту жолында жаңа бастамаларды қолға алу, түрлі бағыттар мен салаларда іс-шаралар ұйымдастыру және сол іс-шараларға жастарды жұмылдыра отырып, жастардың іскерлік, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оларды еңбекке баулу, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, өскелең ұрпақты үлкен өмірге бейімдеу, рухани тұрғыда кемелдендіру сияқты тағы басқа құндылықтар жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Сондай-ақ ел игілігі үшін қоғамның қозғаушы күші болған жастар арасында көшбасшыларды анықтап, қалған жастарды солардың айналасына топтастыру, қоғамдағы және жастар арасындағы әртүрлі мәселелерге дер кезінде жауап беру сынды мәселелер де талқыланды. Ашық алаңда жастар да өздерінің салалары бойынша өз идеяларын айтты. Атап айтқанда тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, тазалық акцияларын, рухани тәлім-тәрбие сағаттарын, жастар арасында әртүрлі КТК ойындарын, спорттық жарыстарды, көңілді кештер, кәсіпкерлікті дамыту бойынша тәжірибе алмасу, киелі өлкеміздің тарихын насихаттау шараларын ұйымдастырып, жалпы қоғамның жан-жақты дамуына түрткі боларлық идеяларымен бөлісіп, осы мақсатта атқарылатын жұмыстарды жүйелеу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Қатысушы жастар бұл кездесу ауқымды бастамалардың алғышарты боларына, алдағы уақытта жастардың үлкен жобаларды қолға алып, ел игілігі жолында бір мақсат, бір мүдде аясында жұмылатынына сенім білдірісті.
Қазыбек КАМАЛ, Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы