ӘР ШАҢЫРАҚТАН ШАТТЫҚ КЕТПЕСІН!
ӘР ШАҢЫРАҚТАН ШАТТЫҚ КЕТПЕСІН!
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналған бұл мереке 1990 жылы 25 қазанда тұңғыш Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, еліміз әлем алдында өз еркіндігі мен бостандығын жария етіп, ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқан күн екені баршаңызға мәлім. Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойып, былтырдан бастап Республика күнінің ұлттық мереке ретінде тойлануы – зор қуаныш. Кез келген қазақстандық өзінің елін сүйіп, жерінің қадірін біліп, мемлекеттің мүддесін терең түсінуі қажет. Сондықтан да бұл күннің маңызы зор. Елдікті ұлықтау, бірлікті дәріптеу, ынтымақтастықты қалыптастыруда осындай айрықша күндердің үлесі басым. Ұлттық мерекеміз құтты болсын! Егемен еліміз дамып, көркейе берсін. Оған әр азамат өзінше үлес қосып, күш-қайрат, ерік-жігерін аямасын. Әр шаңырақтан шаттық кетпесін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бірлігіміз бекем болсын! Нұрбол ЗЕЙНЕЛОВ, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник