Жаңалықтар

БАСТЫ БАҒЫТТАР НАҚТЫ КӨРСЕТІЛГЕН

БАСТЫ БАҒЫТТАР НАҚТЫ КӨРСЕТІЛГЕН

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – бұл елдің дамуының негізгі бағыттарын, тіпті әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізін қалайтын идеологияны анықтайтын жүйелі және стратегиялық құжат.

Президенттің ел дамуы үшін жасалатын қадамдарды атап көрсетуі жұртшылықтың көңілінен шықты. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ветеринария саласында да көптеген жетістікке қол жеткізілді. Қазіргі таңда ветеринария саласында мал ауруларына қарсы жүргізіліп жатқан профилактикалық, диагностикалық іс -шаралар арқасында облыста мал саны да жылдан-жылға көбейіп келеді. Ауылдардағы мал дәрігерлерінің ерен еңбегінің нәтижесінде облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуына тосқауыл қойылуда. Адам мен малға ортақ созылмалы аурулардың да тіркелуі жылданжылға едәуір азайып келеді. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, мал дәрігер мамандарын дайындау, жалақыларын өсіру сынды маңызды тапсырмалар берілген болатын. Бұл тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. М ал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Ветеринария саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жоғарыда баяндалған жұмыс ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды, аумақты жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғауды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өткен жылы биологиялық қауіпсіздік бойынша заң қабылданып, үстіміздегі жылы ветеринариялық ұйымдардың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін мал дәрігерлерінің жалақылары 50 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар Мемлекет б а с ш ы с ы н ы ң т а п с ы р м а с ы бойынша ветеринария жүйесіне түбегейлі реформа жүреді. Біріншіден, мемлекеттік монополия функцияларының бір бөлігін бәсекелес ортаға беру жоспарлануда. Екіншіден, ветеринария жұмысы цифрлық форматқа көшіріледі. Сол арқылы эпизоотиялық ахуалды қадағалап, малшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар цифрландыру арқылы ветеринарларды қағазбастылықтан босату жоспарланған. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі арасында өкілеттік нақты бөлінетін болады. Сондай-ақ ветеринарлардың жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатыр. Бұл бастамаларды іске асыру үшін ветеринария саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленуде. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ветеринария жүйесін реформалау бойынша жол картасы бекітілді. Оған 55 іс-шара кіреді. Заң жобасында 7 заңнамалық актіге келесі бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген: - орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен функциялардың аражігін ажырату; - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға тән емес функцияларды алып тастау; - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қосымша функция беру; - облыстың жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық пункттерімен аудан д а р д а , облыстық маңызы бар қалаларда оқшауланған бөлімшелері бар облыс деңгейінде мемлекеттік ветеринариялық ұйым құру көзделуде. Ауылшаруашылығын дамыту перспективалары мен оның экспорттық әлеуеті ветеринария саласына тікелей байланысты. Сапалы ветеринарлық қызмет көрсету болмайынша, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мүмкін емес. Азық-түлік қауіпсіздігі – мемлекеттің және оның халқының қауіпсіздігі. Ветеринарлық қызметтің негізгі міндеті – тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету. Қ аз і р г і та ң д а о бл ы с т ы ң ветеринариялық ұйымдарын орталықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудандардағы ветеринариялық стансалар тек өздеріне тән функцияларды ғана атқарып, қосымша қаржылық-шаруашылық жүргізу жұмыстарын облыстық деңгейде құрылатын кәсіпорын орындайтын болады. Үнемделген қаражат есебінен ауылдық жерлердегі мал дәрігерлерінің жалақыларын шамамен екі есеге ұлғайту көзделуде. Ауылдық елді мекендерде ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық стансалардың материалдықтехникалық базасын жақсарту мақсатында 2023 жылы облыстық бюджеттің есебінен 10 дана УАЗ автокөлігі сатып алынып, ветеринариялық стансаларға таратылып берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табатын болады. М е м л е к ет ба с ш ы с ы н ы ң Жолдауында айтылған ветеринария саласының өзекті мәселелері облыс әкімдігінің тұр а қ т ы б а қ ы л а у ы н д а ж ә н е ветеринариялық сапалы қызмет көрсетілуіне барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының арқасында қазір біз жұмыс істеуге тура келетін перспективалар мен мақсаттар нақты көрсетілген. Біз Мемлекет басшысының бастамаларын орындаймыз, біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ. Нұржас ҚҰРМАНТАЕВ, облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы