Жаңалықтар

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

Араға жылдар салып қайта жаңғырған Республика күні ел төңірегінде екінші рет тойланып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде айтулы мерекеге орай түрлі салтанатты жиындар өтіп , мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тәуелсіздік жылдарында ел үшін аянбай еңбек еткен тұлғалар да ұмыт қалмай, құрметке бөленуде. Кеше ұлттық мереке қарсаңында облыстың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың қатарында «Aulieata-Media» жауапк ершілігі шек теулі серік тестігінің қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, «Знамя труда» газеті бас редакторының орынбасары Гүлжан Асанова «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталса, «Aulieata-Media» ЖШСның бухгалтері Райхан Умирьяеваға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Ал облыс әкімінің Алғыс хаты облыстық «AR-AI» газеті компьютер орталығының меңгерушісі Ғани Сүгірәлиевке, «Аq jol» газетінің бөлім меңгерушісі Есен Өтеулиевке берілді. Дәл осы күні Тараз қаласы әкімдігінде бірқатар азаматтарға «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Салтанатты жиынды қала әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай да ізгі лебізін арнады. Мұнан соң жақында ғана қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы болып тағайындалған Төрехан Жәнібек ресми түрде ант берді. Сондай-ақ шаһар дамуына зор үлесін қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, «Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Лештаева ҚР М ә д е н и ет ж ә н е ақпарат министрлігінің «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен марапатталды. Дәл осындай төсбелгі «Таразқұрылыс-2004» ЖШС-ның бас директоры Мейірбек Жүнісовке де табыс етілді. Ал ҚР «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының Президиум төрайымы Оразкүл Тастемірова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Өнер қайраткері, ардагер ұстаз Әуесбай Тоқбанбетовке «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Мұндай атаққа ие болғандар арасында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тұрар Жапаров, «Металлқұрылымдар және бактар зауыты» ЖШС-ның директоры Талас Ахметов, «Бастау Тараз» медициналық орталығының бас дәрігері Шолпан Иманбекова да бар. Мерейлі сәтте сый-сияпатқа бөленген қуаныш иелері өздерін елеп-ескерген қала әкімдігіне алғысын жаудырды. «AR-AI»-ақпарат