ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Іс-шарада мамандар статистикалық мәліметтерді келтірді. Мәселен, елде 9 ай ішінде 93 әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен көз жұмғаны анықталған. Әрі сандық дерек көптеген жағдайларда қылмыскер - алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатындар екенін көрсетеді. Жиында тақырып бойынша материалдар, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін сенім телефондары нөмерлері орналастырылды. Соңында профилактикалық іс-шараға қатысқандардың барлығы отбасы ең үлкен құндылық және зорлық-зомбылыққа орын жоқ деген қорытындыға келді. Бұған қарсы тұру үшін, әрі мәселені шешу мақсатында елімізде жыл сайын түрлі акциялар, іс-шаралар ұйымдастырылады. Аталған акция «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында өтті.