Жаңалықтар

Металл өңдеудің маңызы зор

Металл өңдеудің маңызы зор

VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдаған болатын. Сол Жолдауда Президент: «Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Бұл ретте металды терең өңдеу, мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн. Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», деп айрықша атап өткен болатын. Бұл шынымен де көптің көкейін мазалаған сұрақтардың бірі ретінде жылдар бойы қордаланып келді. Өйткені «біз ине-жіп те, қыл аяғы шұлықтың өзін өндіре алмаймыз» деген сөздер ел ішінде желдей есетін. Міне, енді сол сөздерге тоқтау салып, жаңа бағытта дамуымызға жол ашылмақ. Нақтырақ айтқанда, Президент сөзі соған пәрмен береді. Біз тарихтан белгілі сонау қола дәуірінің өзінде сүйектен, мыс, алтыннан түрлі әшекей бұйымдар жасай білген халықпыз. Өйткені біз археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгенде қаншама біздің ата-бабаларымыздың қолданған ыдыстарын таптық. Тіпті осы замандағы істетіп жүрген бұйымдарымыздан артық. Арғы заманды қойғанда, бергі Сақ дәуірінің өзінде металл өңдеп, түрлі құйма ыдыстар жасағанымыз – соның дәлелі. Енді міне, осындай технология дамыған шақта сол ескі заманнан келе жатқан дәстүрлі металл өңдеу өнерімізді іске қоспағанымыз – өзімізге сын. Қазақ металл өңдеуді, тіпті түрлі ерітінділердің қоспасынан сабын, иіссу сияқты дүниелер жасағаны да тарихтан белгілі. Алайда біз дәл осындай технология дамыған заманда сол өндірістерімізді іске асыра алмай отырмыз. Міне, енді Президенттің тікелей тапсырмасымен бұл іске ат басын бұрсақ, алда отандық өндіріс саласының барлық елге үлгі болатынына сенімдіміз. Әрі металл өңдеу мемлекеттен қолдау тапқан іске айналса, онда оның игілігін ұлтымыз көрер еді. Салтанат ЖҰЛДЫЗБЕКҚЫЗЫ, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» бөлім меңгерушісі