Қоғам

«Құмшағалдың» көшелері жөнделіп жатыр

«Құмшағалдың» көшелері жөнделіп жатыр

Қазіргі таңда Тараз қаласы маңындағы тұрғын алқаптарда шешімін күткен мәселелер жетерлік. Әсіресе «Құмшағал» алқабында жол мәселесі аса өзекті болып тұр. Бұған дейін алқап тұрғындары талай мәрте атқарушы билікке қайырылған болатын. Енді міне, соның сәті биыл түсіп, «Құмшағал» тұрғын алқабындағы Назқоңыр көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тұрғындардың сұрауы бойынша Ақсарай көшесімен (мектеп маңынан) Сұлтан Бейбарыс көшесі аралығындағы 320 метр жолға да асфальт төселеді. Бұл жолмен күнделікті балалар мектепке қатынайды. «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып жатқан құрылыс алаңында қазір жол негіздемесі төселуде. Техникалық қадағалаушы – «СК-Ризалит» ЖШС. Қазір құрылыс басында 5 техника, оннан аса жұмысшы еңбек етуде. Алдағы күндері жол негіздемесі дайындалып бітсе, асфальт жабындысы төселетін болады. «AR-AI»-ақпарат