Жаңалықтар

Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады

Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауда Тараз қаласынан және Сарысу, Шу, Меркі, Жамбыл, Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар бірқатар мәселе көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, Ұлбала Құлыбекова есімді тараздық жеке кәсіпкер шағын бизнесін алма сақтауға арналған тоңазытқыштармен және өңдеуге арналған техникалармен жабдықтауды сұрайды. Ал меркілік Ербол Трибосынов өңірлік спорт саласына қатысты жобасын ұсынып, қолдау көрсетуді сұрады. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтінішті жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі