Медициналық техниканың мүмкіндіктері мол
Медициналық техниканың мүмкіндіктері мол
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудағы негізгі бағыттардың бірі – медициналық мекемелерді заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау. Бір айдың ішінде тыңдаушыларға республиканың медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік, реттеуші базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау және басқалар бойынша толық ақпарат берілді. Оқытуды Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының, «СҚ-Фармация» ЖШС және «Turar Healthcare» КЕ АҚ жоғары білікті сарапшы-практиктері жүргізді. Сондай-ақ оқу шеңберінде тыңдаушылар Астананың бірқатар жетекші медициналық ұйымына барды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының, «University Medical Center» корпоративтік қорының республикалық диагностикалық орталығының қызметімен танысты. Сапар барысында мамандар пайдаланатын жаңа технологиялармен және озық жабдықтармен, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуға және қызмет көрсетуге жауапты қызметтердің жұмысын ұйымдастырумен танысуға мүмкіндік туды. Осы медициналық мекемелердің өкілдері қонақтармен соңғы медициналық техниканы пайдалана отырып пациенттерді емдеу және қолда бар жабдықтарды көрсету тәжірибелерімен бөлісті. Айта кету керек, Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының келесі оқу курсын қараша айында өткізуді жоспарлап отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі