Қысқы киім үлгісіне көшті
Қысқы киім үлгісіне көшті
Жамбылда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың нұсқауымен жеке құрам қызметкерлері қысқы киім үлгісіне ауысты. Бұл күні аталған департаментке бағынысты №26 түзеу мекемесінде саптық байқау өтіп, онда қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру әрі саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету назарға алынды. Сондай-ақ қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларының ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай таза болуына ерекше көңіл бөлінді.