Жаңалықтар

Адамдар цифрлық ақшамен басқарылады

Адамдар цифрлық ақшамен басқарылады

Telegram-да жақын арада адамдарды орталық банктердің цифрлық валюталарының көмегімен бақылай бастайтыны туралы айтылған видео тарады. Роликте айтылған бірнеше тезисті талдап, оған сенуге бола ма екен, анықтайық. Алдымен орталық банктің орталық валюталары немесе CBDC дегеніміз не екенін түсіндірейік. Бұл – елдің орталық банкі шығаратын және бақылайтын, сондай-ақ ресми валютаның қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысандарымен тең пайдаланылатын цифрлық ақша. Енді видеода айтылған CBDC туралы мәлімдемелерді қарастырайық. Тек цифрлық ақша ғана қалады, балама болмайды. Бұл өтірік. Цифрлық валюта – бұл қолма-қол ақшаны да, қолма-қол емес ақшаны да алмастыра алмайтын валютаның бір түрі. Сонымен қатар цифрлық валюталарды барлық елдер бірдей енгізіп, пайдаланбайды. Цифрлық валютаның жарамдылық мерзімі болады. Бұл өтірік. Мұндай қауесеттер 2022 жылдың соңында шыққан фейкке негізделген. Ол кезде Қытайда азаматтарға белгілі бір тауарларды белгіленген мерзімнен бастап сатып алуға болатын цифрлық тұтыну ваучерлері таратылды. Бұл ваучерлер цифрлық валюта емес. Цифрлық валютаның нақты мақсаты болады. Бұл мәлімдеме негізсіз. Бұл туралы бірде-бір ресми сайтта немесе сенімді БАҚ-та хабарланған жоқ. Мұндай валюта айналымға енгізілген бірде-бір елде CBDC-тің мақсаты жоқ. CBDC негізгі шартсыз кіріс ретінде енгізіледі. Бұл тармаққа сәйкес COVID-19 пандемиясынан кейін әлемдік экономика құлдырайды: көптеген кәсіпорындар жабылады, жұмыссыздық деңгейі бірнеше есеге артады және мемлекеттік ақша талан-таражға түседі. Осы жылы жағдайдың олай емес екені белгілі. ДДСҰ пандемиядан туындаған төтенше жағдай аяқталды деп ресми түрде жариялады және әлем экономикасы құлдыраған жоқ. Шартсыз базалық табысқа келетін болсақ, бұл тұжырымдама пандемияға немесе цифрлық валютаға дейін пайда болған. Шартсыз базалық кіріс идеясы дегеніміз – белгілі бір қоғамдастықтың барлық мүшелері жұмыс орындарына, табыс деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне және басқа да сипаттамаларына қарамастан кепілдендірілген төлемдер алады. Мұндай табысты енгізу бойынша пилоттық жобалар көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде, Швейцарияда, Канадада, Францияда, Украинада, Угандада және тағы басқа елдерде жүзеге асырылған. Көп жағдайда негізгі кірісті енгізу жобаларын Үкімет емес, белсенділер немесе кәсіпкерлер іске қосқан. Алайда еш жерде шартсыз базалық кіріс төлемдері тұрақты түрде және жаппай енгізілген жоқ. Демек, CBDC шартсыз базалық кіріс ретінде енгізіледі деген пікірлер негізсіз және оған сенбеген жөн. Мұның бәрі видеоның негізгі тезистерін жоққа шығарады, роликте жалған ақпарат пен дәлелсіз мәлімдемелер айтылған, олай болса, оған сенбеген жөн. Жасұлан Сейілханов