Ескірген SIM карталар қақпаны
Ескірген SIM карталар қақпаны
Қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертуде. Тараған аудиохабарламада «SIM картаның қызмет ету мерзімін ұзарту» ұсынылған адамдарды алдау схемасы жайлы айтылады. Алаяқтардың құрбаны болмау жолдары туралы айтамыз. Пайдаланушылардың айтуынша, алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс операторларының қызметкері ретінде таныстырып, оған SIM картаның мерзімі аяқталғаны және оны ұзарту үшін көрсетілген сілтеме бойынша өту керек дейді. Осылайша алаяқтар банктердің қосымшаларына, ресми аккаунттарға және басқа да жеке мәліметтерге қол жеткізеді. Ресейлік БАҚ осындай алаяқтық схемасы туралы өткен жылы жазған. Ол кезде «SIM картаны қолдану мерзімін ұзарту» үшін SMS-пен келген кодты айту керек болды. Осылайша адамдар өздерінің жеке деректерін алаяқтарға беріп отырған. Мұндай алдау әдістері туралы биыл да БАҚ-та хабарланды. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін SIM карталарының жарамдылық мерзімі жоқ екенін және банктік немесе дисконттық болсын, басқа карталардың жарамдылық мерзімі әрқашан карталарда жазылып тұратынын естен шығармаған жөн. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер, сондай-ақ әңгімелесуші өзін банк немесе оператор комп аниясының қызметкері деп таныстырса да телефонға келген SMS-кодтарды, парольдерді, логиндерді немесе өзге де деректерді хабарламаңыздар. Жасұлан Сейілханов