Жаңалықтар

БОЙЫНДАҒЫ ӨНЕРІН БИЗНЕСКЕ АЙНАЛДЫРҒАН МАМАН

БОЙЫНДАҒЫ ӨНЕРІН БИЗНЕСКЕ АЙНАЛДЫРҒАН МАМАН

Сахна өнеріне аяқ басқан кез келген адам көптің көзайымына айналуы үшін оған бойындағы таланты аздық ететіні ақиқат. Кез келген жетістік адамға талаппен, талпыныспен, еңбекпен келетіні белгілі. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған баланы жастайынан қандай өнерге болсын баулудың артықшылығы көп. Өйткені жас дарынның бойында өнерге деген икемі бар болса, онда ол өзіне жөн сілтеген ұстазы арқылы өзі қызығушылық танытқан өнерге машықтанып, өмірлік тәжірибе жинайды. Біз сөз еткелі отырған Әйгерім Серікова да би өнеріне қадам басқан болашақ таланттарды тәрбиелеп отырған дарын иесі. Ол жетекшілік ететін «Вивальди» би студиясында 60-қа жуық бүлдіршін осынау биік өнердің қыр-сырын үйренуде. Студияда 4 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балалар тәлім алуда. Олар бірнеше топқа бөлінген. Жетістіктері де баршылық. Студияның бүлдіршіндері республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген жайы бар. Әлі де талай жарыстарда бақ сынап, өнер көрсету жоспарында бар. Әйгерім өз студиясын 2019 жылы ашты. Кішкентайынан жаны іскерлікке құмар ол ұстаздар отбасында тәрбиеленген. Анасы да, әкесі де педагог. Бала күнінен биге қатысқан ол өмірін биге арнады. Бір кездері талай дарынды қияға қанат қақтырған Тараз қаласындағы Мәдениет және өнер колледжіне оқуға түсіп, «Би өнері» бөлімін аяқтап шығады. Ұстаздары – республикаға танымал бишілер Зульфия Рифайқызы мен Дәурен Абиров. – Би жүрегімнің қалауы. Адам өзінің сүйікті ісімен айналысқанда жаның ләззат алып, қанаттанады. Мен тура осылай еттім. Асқаров көшесінің бойынан би студиясын ашып, табысты би мектебін құрдым. Шүкір, күз, қыс айларында келетін шәкірт саны жүзден асады. Ал қыс, көктем айларында бала саны кішкене азаяды. Биді үйрену бағасы – 10 мың теңге. Мен бағаны көтермедім. Осы бағаға үлкендерге де би үйретемін. Шүкір, азаннан кешке дейін өзім үшін еңбек етемін. Басшым жоқ, өзіме- өзім қожамын. Би билегенде, шәкіртке би үйреткенде демаламын. Арқаланып кетемін. Жарыстарға өте көп қатысамыз, республикалық додаларда жүлделі орыннан көрініп жатырмыз, – дейді Әйгерім Жанболатқызы. Әйгерім белсенді жастар өкілі. Ештеңеге қарамастан оның жарқын б ол а ш а қ қ а д е ге н қ ұ л ш ы н ы с ы сұрапыл. Жоспары көп. Тұтастай алғанда, бүгінде жоғары мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған жаңа ба ғ д а рл а м а с ы , э к о н о м и к а л ы қ жобалары бар. Оың сөз сөйлеу және өз ойын білдіру, алға қарай ұмтылу және мүмкін емес нәрсені еңсеруден қорықпайтын қасиеті бар екен. Жаңа жалынды буын. Креативті ойлайды. Кәсібінен нәсіп тауып отырған ол би мектебін өзінің туып-өскен жері Байзақ ауданының Түймекент ауылынан да ашыпты. Сенбі-жексенбі күндері сонда барып, биден шеберлік сыныптарын өткізіп келеді. Оның шәкірттерінің бәрі талантты. Айтқанды қағып алатын, үйреткенді табанда меңгере алатын ұл-қыздарын жетекшілері аузынан тастамай айтып отыр. – Е ң ж а қ с ы и н в е с т и ц и я – білімге салынған инвестиция. Атаананың баласының біліміне салған инвестициясы қашанда еселеніп қайтады. Баланың шымыр болып өсуі, дене бітімінің сымбатты болуы осы биге қатысқанның нәтижесі. Түрлі жарыстарға қатысып, жер-жерді аралап, көпшілікпен араласуды үйреніп жүр. Шәкірттерімнің бәрі сұлу әрі дарынды. Шығармашылық өзімді табуға, ерікжігерімді дамытуға, өз кәсібімді тануға мүмкіндік беретінін білемін. Бір күні күйеуіммен әңгіме барысында қоғам үшін пайдалы болатын жоба жасағымыз келетінін талқыладық. Біз балалар қылмысының азаюын, суицид, буллинг жағдайларының қысқаруын, балалар мен жасөспірімдерге кері ықпалдың азаюын қаладық. Баланың бос жүрмей, құр селтеңге үйір болмай, түрлі үйірмелерге қатысуын құп көрдік. Яғни бұл кәсіп бүгінде сұраныста. Баланың ойы бөлінеді, дене сымбаты әдеміленеді, – дейді ол. Өнердегі өрендердің өрісін кеңейтіп отырған орталықта халықтық, заманауи билер үйретіледі. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген мақалды ұстанатын Әйгерім алдағы уақытта би студиясын кеңейтіп, кәсіп аясын ұлғайтқысы келетінін айтты. Болашақта қатарына бишілер алып, тың ойлармен жаңа студиялар ашатынына сенімді. Эльмира Байназарова