Жаңалықтар

ЖАЛПАҚТӨБЕДЕ ШАРУА ҚЫЗА ТҮСКЕН

ЖАЛПАҚТӨБЕДЕ ШАРУА ҚЫЗА ТҮСКЕН

Уақыт ағымымен күздің бір айын да артқа тастадық. Жер емген диқандар үшін қазір нағыз қарбалас шақ. Өйткені шаруалар көктем шыққалы егіс басында күйбең тірліктің қамымен тірлік етіп, ала жаздай маңдайының терін төккен егіс алқаптарынан түскен түсімді дәл қазіргі уақытта шашпай-төкпей жинап алу қамымен жүр.

А л л а б е р г е н ы р з ы қ т ы ж и н а п алу науқанына Жамбыл ауданының ауылшаруашылық тауарларын өндірушілері де сақадай сай кіріскен. Осы орайда біз Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаевқа жолығып, Жалпақтөбе ауылының тыныс-тіршілігі, ауылдық округ әкімі аппаратының тұрғындарды жұмыспен қамту әлеуетінің жай-жапсарына қанықтық. Тұрғындары 14 ұлттың өкілінен құралған елді мекенде 9 576 адам бар болса, оның 1 415-і қазақ, қалғаны өзге этнос өкілдері. – Б ұ л н е г і з і н е н д ү н ге н д е р к ө п шоғырланған ауыл, мұнда 7 481 дүнген тұрады. 1 692 ауласы бар ауыл аудандағы ең ірі елді мекеннің бірі. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 42 534 гектар болса, оның егістікке жарамдысы – 5 098 гектар. Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөрісі – егіншаруашылығы. Дегенмен Жалпақтөбе ауылындағы Валерий Чкалов атындағы орта мектеп, 280 орындық «Болашақ» бөбекжайы, 150 орындық «Балдәурен» бөбекжай бақшасы, 20 балаға арналған жекеменшік «Сұлтан» балабақшасы, 100 келушіге арналған Жалпақтөбе бастапқы санитарлықмедициналық орталығы тұрғындар үшін жұмыс көзі болып отыр. Оған қоса Шәмші Қалдаяқов атындағы 180 орындық ауылдық мәдениет үйі, Жалпақтөбе ауылдық кітапханасы, округтегі ветеринариялық пункт, «Қазпошта» акционерлік қоғамының ауылдағы пошта байланыс бөлімшесі, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның аудандық бөлімшесі де бірқатар тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Ауылдық округ аумағында мүйізді ірі қара мал саны – 1 582. Сонымен қоса ауылда 4 558 уақ мал, 210 жылқы, 7 мың құс бар. Осы аталған төрт түлікке иелік етіп отырғандар өзінің ырзығын қолындағы малы арқылы айырса, жалпы ауыл тұрғындарының басты кәсібі – көкөнісшаруашылығы. Мұнда ауылшаруашылық саласы бойынша 89 шаруа қожалық бар. Оның ішінде 8-і малшаруашылығы бағытын ұстанады және «Юнчи» өндірістік кооперативі мен «Jambyl Et MS» тауарлы сүт фермасы халықтың жұмыспен қамтылуына айтарлықтай септігін тигізуде. «Ұзын-Бұлақ», «Шарипов», «Марасулов», «Үміт» шаруа қожалықтары суды үнемдеу мақсатында 433 гектар егістік алқаптарына тамшылатып суару технологиясын енгізіп, қазір соның нәтижесін көруде. Ауылдық округтегі шаруалар өткен жылы 86 миллион 650 мың теңгеге 16 жаңа техника сатып алды. Оның үшеуі трактор. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 34 техника жұмылдырылса, күзгі жиын-терін де аталған техникалардың көмегімен атқарылуда. Бұдан бөлек «Тоқтасын Агро» фермерлік шаруа қожалығы лизинг жүйесі арқылы 56 миллион теңгеге 2 жаңа трактор, 198 миллион теңгеге 6 жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алды. «Шарипов Т» шаруа қожалығы құны 112 миллион теңге болатын «Джондир» маркалы жаңа комбайн сатып алды. Елді мекенде жаңа ауылшаруашылық техникалардың жаңаруымен қатар, осы салаға түсетін инвестициялық көрсеткіштердің өсу әлеуетін де жоғарылатуда. Оған дәлел, биыл 700 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін инвестициялық көрсеткіштерді арттыру жұмыстарын біз әлі де жалғастыратын боламыз. Өйткені инвестиция тартылып, соның аясында қандай да бір жоба жүзеге асса, осы арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылатыны анық, – деді Ержан Әлімжанұлы. Осы жылы аталған ауылда 4855,5 гектарға егін егілсе, оның ішінде 1 400 гектары күздік бидай, 1 907 гектары жаздық арпа, 80 гектар жүгері, 13 гектары мақсары көрінеді. Сонымен қатар 75 гектарға қант қызылшасы, 65 гектарға картоп, 998 гектарға көкөніс, 5 гектарға бақша дақылдары отырғызылып, 322,5 гектар жер мал азығына арналыпты. Жалпақтөбе ауылында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл санап артып келеді екен. Қазіргі таңда округ бойынша 200 жеке кәсіпкер, 50-ден аса кәсіпкерлік нысан тіркеліпті. Биыл 108 жеке тұлға кәсіпкер атанған. Елді мекендегі «Берсанукаев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Достар» маркалы халал шұжық шығаратын цехы арқылы облыстың ішкі нарығын өніммен, кейбір тұрғынды жұмыспен қамтып және шұжығын көршілес мемлекеттерге экспорттап жатқан кәсіпорын. 2 0 2 2 - 2 0 2 5 ж ы л ғ а д е й і н г і д а м у жоспарын орындау мақсатында 2023 жылы ауылдық округте 14 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жобалық құны 149 миллион теңгеге 6 шағын инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл – 1 кешен, 1 дәмхана, 3 сауда орны, 1 техникалық қызмет көрсету орны. Ауылшаруашылық саласы бойынша жобалық құны 125 миллион теңге болатын 6 инвестициялық жоба, яғни 4 көкөніс сақтау қоймасы, 1 мал бордақылау алаңы, тамшылатып суғару арқылы бір бақ өсіру ісі қолға алынып, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасыпты. Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық салалары бойынша 2024- 2025 жылдары да осындай жаңа жобалар іске асырылып, тұрақты жұмыс орындарын ашу күтілуде. – Есептік кезеңде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 5 азамат 6 900 мың теңге мемлекеттік грант алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 200 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 129, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгені 5 адам. Жеті жас маман «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмыс тапса, ақылы қоғамдық жұмысқа 48 адам жолданды. Бес адам «Күміс жас» жобасы бойынша, алты азамат «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жұмысқа орналасты. Өткен жылы мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек ретінде 33 065 мың теңге 71 отбасындағы 366 адамға тағайындалса, биыл 57 отбасындағы 313 адам осы көмек түріне қол жеткізді. Өткен жылы ауылды абаттандыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты е с еб і н е н Ши ваз ы , Ц ха й, М а с а н ч и көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, орта жөндеуден өткізілді және елді мекендегі басты көшелердің бірі – Нұрлыжол көшесі жарықтандырылған. Биыл осы Нұрлыжол көшесі орта жөндеуден өткізіліп жатса, мердігер «Dauren build» ЖШС аудандық мансаптық орталық арқылы ауылдағы кейбір бос жүрген азаматтарды уақытша жұмысқа тартты. Меже бойынша көше жөндеу ісі қазан айында аяқталады. Жергілікті шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер, ілкімді азаматтарымыз да әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әрдайым көмек көрсетуде және әртүрлі қайырымдылық шараларға үнемі белсене қатысады. «Жомарт түлек» жобасы аясында «Тұрғани» мешітінің шаруашылық қоймасын жаңадан салу және автокөлік тұрағын асфальттау жұмыстары аяқталды. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында азаматтарымыз көмек қолын созып, қайырымды жоба әлі де жалғасын табуда. Қазіргі таңда ауылда пияз өнімін жинау жұмыстары қызу жүргізілуде, бірер күннен кейін сәбіз қазу жұмыстары басталады. Ауыл тұрғындарының ішінде бос жүрген азаматтар жиын-терін науқанына қатысып, күнделікті нәпақа тауып жүр. Алқаптан жиналған өнімдер тікелей сауда орындарына жөнелтілумен қатар, елді мекендегі көкөніс сақтау қоймаларында сақталады. Жалпақтөбе ауылында жеке көкөніс сақтайтын 80-ге жуық қойма бар. Олардың жалпы сыйымдылығы – 23 200 тонна. Жыл бойы қоймаларымызда сақталған дақылдар еліміздің түкпір-түкпіріне тасымалданады, – деді Е.Данаев. Осы орайда біз жыл сайын пияз егуді кәсіпке айналдырған «Ұзын-Бұлақ» шаруа қожалығының егіс алқабына бардық. Мұнда шамамен 70-80-ге тарта адам жүргенін байқадық. Реті келіп, шаруашылық басшысы Рамазан Ашировпен тілдестік. – Иелігімдегі суармалы егістік көлемі 64 гектар болса, оның 60 гектары – пияз. Негізгі жұмыс «Беларусь» маркалы 2 трактордың көмегімен атқарылады. Техникалардың пияз егуге арналған және дәнсепкіш, қопсытқыш, тіркеме, пияз қазатын, кесетін және басқа да соқа-сайманы түгел. Қазіргі таңда пияз дақылын жинау науқаны қызу жүруде. Шаруашылық 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырса, 70 адамды маусымдық жұмыстарға тартып отырамыз. Алқап басында жүрген кейбір адамдар пиязы жиналған атыздан қысқы азық-түлік үшін масақ жинап жүргендер. Жалпы жұмысшылардың арасында жалпақтөбеліктер де, басқа да көрші ауыл мен Тараз қаласынан келетін тұрғындар бар. Қазір пиязды арнайы електен өткізу арқылы сұрыптап, қапқа жинап жатырмыз. Былтыр пияздың бағасы биылғыға қарағанда қымбаттау болған еді. Осы жолы егіс басынан өнімнің әр келісін 40-42 теңгеден саудалап жатырмыз. Орта есеппен әр гектардан 50 тоннадан пияз аламын деген үмітім бар. Өнім негізінен Алматы, Шымкент, Астана секілді еліміздің ірі қалалары мен Петропавлға және одан ары қарай Ресей мемлекетіне де жөнелтілуде. Мемлекеттен тиісті көмекті алып тұрамын. Мысалы, көктемгі-күзгі дала жұмыстары уақытында арзандатылған бағамен дизель отыны беріледі. Одан бөлек субсидия аламыз. Былтыр «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы 80 миллион теңге несие алдым. Оның 6 пайызын өзім төлесем, қалғаны мемлекет есебінен өтеледі. Жасым 45-те, екі ұлым бар. Олар ер жетіп, өз беттерінше күнелтуде, лайықты жұмысы, кәсібі бар. Ал иелігімдегі шаруашылық жұмысын осылай жұртпен бірге тізе қоса жүргізіп отырмыз, – деді Р.Аширов. Маусымдық жұмысқа қатысып нәпақа тауып жүрген мақтаулы жанның бірі – Камила Тұрымбетова. Ол осындағы 40-50 адамға бригадир ретінде бас-көз болып жүр. – Менің бригадир деген атым болмаса, дене еңбегін бәріміз бірдей атқарамыз. Өзім Тараз қаласының «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабынанмын. 2002 жылы Қарақалпақстанның Мойнақ ауылынан көшіп келдік. Сол кезде жер кезегіне тұрып, беріректе басымызға баспана салып алдық. Екі қыз, бір ұлым бар болса, қыздар тұрмыста, ұлым қолымда. Жылда осылай науқандық жұмысқа шығып, қаржы табамыз. Мені соншалықты сіңірген еңбегім немесе басқа да артықшылығым үшін шаруашылық басшылары бригадир сайлады деп айта алмаймын. Өйткені пияз сәуір айында егілсе, сол айдың аяғы немесе мамыр айының басында арамшөп қаптап кетеді. Сол кезде біз жылда өзіміз жалданып жұмысын істеп жүрген егіншаруашылығымен айналысатын шаруа қожалық иелеріне хабарласамыз. Осылайша олармен ауызша келісім жасасып, қасыма жұмысты жақсы істейтін, ұятқа қалдырмайтын қыз-келіншектерді топтастырып, егіс алқабына арамшөп жұлуға барамын. Осылайша бір шаруашылықтың жерінен екіншісіне ойысып, шөп жұлып жүргенде бастапқы шаруашылықта арамшөп қайта өсіп, қайтадан сол жерге көмекке келеміз. Жұмысымызды адал атқарып, бір жазда үш-төрт мәрте бір шаруашылықтың пияз алқабын арамшөптен арылтқаннан кейін олар бізді танып қалады. Осылайша бригадир ретінде маған сенім артылады, қай күні қандай жұмыс басталатынын, оған қанша төлейтіні келісіледі. Артынша пиязды жинау жұмысы басталады. Оны да абыроймен атқарғаннан кейін қыстай үйде жатамыз. Келер жылы біз немесе олардың өздері хабарласып, қайта іске кірісеміз. Осылай жұмыс жалғаса береді. Арамшөпті негізінен ақысын күндігіне келісу арқылы жұламыз. Мәселен, биыл күніне 5 мың теңге алу арқылы шөп жұлдық. Ал жиын-терін науқанында ақы істеген еңбегімізге қарай беріледі. Мысалы, екі адам күніне пиязды електен өткізіп, оны қаптауда 250 қапқа дейін дайындайды. Бізге бір қап үшін 100-120 теңге аралығында төленеді. Сонда бір адам күніне 10-12 мың теңге шамасында табыс табады. Бұрын трактор пияздың түбін қопсытып, пиязды жүйекке ретімен жатқызып кететін. Ал біз оның сабағын кесетінбіз. Осыдан кейін барып електен өтізетінбіз. Қазір пиязды жұлу, сабағын бірден кесіп тастау жұмысын техника атқарады. Біз тек сұрыптап, қапқа саламыз. Жалпы мамыр айында басталған жұмыс қараша айында аяқталады. Осы аралықта сәбіз қазу, картоп жинау жұмысына да қатысамыз. Жалпы қара күзге дейінгі бейнетімізді айға шаққанда орта есеппен айына 150-200 мың теңге аралығында табыс табамыз. Бір айта кетерлігі, маусымдық жұмысқа картоп, пияз, сәбіз секілді қысқа азық-түлік жинап алу үшін де шығатындар бар. Өйткені жиын-терін кезінде маусымдық жұмысшылардың үйге қайтарда бір сөмке көкөніс алуына рұқсат. Үйіне дорбалап тасу арқылы қап-қап пияз, картоп жинап алатындар көп, – деді – К.Тұрымбетова. Шаруа жанын сала еңбек еткен бейнетінің өтеуін күзгі жиын-терін арқылы көруге талпынса, ал қарапайым тұрғындар қол еңбегі арқылы өзінің нәпақасын осылай айыруда. Алқап басына түстеніп, таңнан қара кешке дейін бейнетке малыну кез келген адам үшін оңай іс емес. Дегенмен жұмыс жоқ деп қарап отырмай, маусымдық жұмыста табыс табудың да өз берекесі бар. Бастысы олар ешкімге алақан жаймайды. Мұндайды қазақ «Еңбек еткеннің ерні қимылдайды» деп дәл айтқан. Нұрым СЫРҒАБАЕВ