«Комбинаторика және логикалық есептер» атты облыстық семинарын өтті
«Комбинаторика және логикалық есептер» атты облыстық семинарын өтті
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Міндеттері:
- жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жолдарын үйретіп, бағыт беру;
- бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- бастауыш сынып мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.
Семинар мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Іс-шара ІІ бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Ырысбек Мәуіт «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының және «Бастау» олимпиадасы есептерінің авторы, «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушысы «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының өткізу тәртібі мен нәтижелері туралы таныстырылым жасаса, екінші бөлімінде Алтаев Жанат Тұрсынбекұлы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектептер желісінің Оңтүстік өңірлік директоры «Комбинаторика және логикалық есептер» тақырыбы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр», 3-4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадаларының тапсырмаларына тоқталды. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері комбинаторика, логикалық есептерді жорамалдау, жою әдістері арқылы шығару жолдары, сонымен қатар бос орын толтыру, талдау сұрақтары, есептеу сұрақтары, таңдау сұрақтары арқылы шығарылатын тапсырмалары бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді. Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 200-ге жуық педагог қызметкер қатысты. Ұйымдастыру комитеті