Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында БАҚ өкілдерімен пресс-тур ұйымдастырылды
Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында БАҚ өкілдерімен пресс-тур ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында ерекше балаларды оңалту, түзету және инклюзивті білім беру ұйымдарының жұмыстарымен таныстыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен пресс-тур ұйымдастырылды. Бірінші аялдаған «Қамқорлық» оңалту орталығы Қазақстан үшін инновациялық орталық болып табылады. Онда нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. «Қамқорлық» оңалту орталығында мамандар әр балаға аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылады, оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады. Балалармен жоғары білікті невропатологтар мен реабилитологтардан басқа психологтар, дефекторлар айналысады. Сонымен қатар механотерапия жүргізіледі, бізде тұз шахтасы, шунгит бөлмесі бар. Орталық ашылғаннан бері 5847 балалар ем қабылдады, оның ішінде1839 церебралды сал ауруы бар балалар. Екінші нысан: Білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету мақсатында «ДАРА» қайырымдылық қорының қолдауымен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2016 жылы ашылған. Мекеменің міндеті – тірек-қимыл аппаратының, қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің, есту қабілетінің, психикалық дамуының тежелуінде, сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Мекеменің материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Мекемеде балалардың дамуына және бұзылыс деңгейіне байланысты қолжетімді орта құрылған. Қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы құралдар, құрылғылар, кеңейтілген есіктер орнатылған. Мекемеде арнайы мамандардың балалармен түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу үшін Монтессори кабинеті, педагог-психолог кабинеті, логопед кабинеті, сурдопедагог кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу кабинеті және емдік дене шынықтыру залы бар. Мамандардың кабинеттері оңалту құрал-жабдықтарымен, әдістемелік материалдармен, әдеби және ойын арқылы дамытатын материалдарымен жабдықталған. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде арнайы мамандар кәсіби және кешенді көмек береді. Олар: педагог-психолог, дефектолог мұғалімі, олигофренопедагог, сурдопедагог, логопед мұғалімі, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы және сазды ырғақ маманы. Балаларды психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінгі күні мекемеде 276 балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілуде: – Тірек қимыл аппаратының бұзылысы бар балалар – 51; – Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы бар – 42; – Есту қабілетінің бұзылысы бар балалар – 20; – Психикалық дамуының тежелуі бар – 85; – Әр түрлі сөйлеу бұзылыстары бар – 78 бала. Мекемеде түзете-дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, 100-ден астам бала әлеуметтік ортаға бейімделіп, басқа балалармен қарым-қатынасқа еркін түсуге дағдыланған соң мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарға оң нәтижемен ауысты. Үшінші нысан. «Дара бала» – жетекші түзету орталығы. Үш жылдан бері ерекше балалармен АВА-терапия, сенсорлық интеграция және нейро түзету бағдарламалары арқылы табысты және толыққанды жұмыстар жүргізіліп отырған жеке орталық. Орталықта қажетті материалдық-техникалық база және сапалы сабақтар өткізу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Орталықта білікті, әрі сертификатталған мамандар, заманауи әдістерді қолдана отырып жұмыс жасайды.