Мемлекет мүддесіне қызмет ететін жастар елге қажет
Мемлекет мүддесіне қызмет ететін жастар елге қажет
Іс-шараның модераторы университет ректоры Мұхтар Байжұманов жастарды мемлекеттік қызметке тартудың маңыздылығын айтты. Жастар үшін тәжірибе әрі мүмкіндік екенін тілге тиек етті. Факультет декандары, институт директорлары қатысқан жиында Лесбек Құралбайұлы Мемлекеттік қызмет істеріндегі заңнамалық өзгерістер жайлы сөз қозғады: – Бұрын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу үшін таныс-тамырың болу керек деген жаңсақ пікір болатын. Қазір барлық жұмыс ашық форматта жүргізіледі. Тест тапсыру да барынша оңтайландырылған. Онлайн форматта тапсыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыспен білім алған GPA жоғары талапкер еш конкурссыз қызметке қабылданады. Сонымен қатар, қазан айының 1 мен 31 аралығында «Таланттар пулына» іріктеу кезеңі өтеді. Кадрлық резервті қалыптастырудың мақсаты – талантты, қабілетті жұмыскерлерді іздеу, қабілетін шыңдау. Мемлекет мүддесін өз мүддесінен жоғары қоятын жастарды табу,- деді Лесбек Илебаев. Талапты жастарды мемлекет мүддесіне қызмет етуге шақырған шарада келесі сөз тізгінін алған Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Алтынбекқызы университет пен басқарма арасындағы жұмыс нәтижелі боларына сенім білдірді. Апта соңында студенттермен де кездесу ұйымдастыру жоспарда бары айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар өз сауалдарын қойып, сұрақтарына жауап алды.