Брифинг

ТАРИФТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ жайы ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТАРИФТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ жайы ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің басшысы Алмат Абдрайханның қатысуымен брифинг өтті. Жиында аталған департаменттің 9 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған. Департаменттің негізгі мақсаты – тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу мен реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын артттыру, сонымен қатар тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Ал департаменттің тарифтік саясатына тоқталар болсам, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтері мен бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу. Департамент облыс бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген 56 қызмет түрін көрсететін 39 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган. Жылдың басынан бері департаментке 22 табиғи монополиялар субъектісінен 53 тарифті бекітуге 53 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінен бағалардың шекті бағадан жоғары көтерілгендігі жайлы 4 хабарлама келіп түскен. Өтінімдер мен хабарламалаларды қарау нәтижесінде 25 өтінім бойынша 25 тариф бекітілген, қоғамдық маңызы бар субъектілерден келіп түскен 14 өтінімнің 3 хабарламасын қараудан бас тартылған, 6 өтінімді субъектілер өз еріктерімен кері қайтарса, 9 өтінім қаралуда, – деді Алмат Аблайханұлы. Сондай-ақ «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 4 субъектінің инвестициялық бағдарламасына жергілікті атқару органдарымен бірлесіп өзгерістер енгізілген. – Департамент субъектілердің өткен жылға арналған тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы бойынша талдау жүргізілген, осылайша 2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерінің талдау нәтижелері бойынша «Жамбыл-Су» КМК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 28 137,55 мың теңгеге және «Жаңатас-Су-Жылу» КМК-нің суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 5 268,52 мың теңгеге уақытша өтемдік тариф бекітілген. Табиғи монополия заңнамасының сақталуын бақылауда департамент ауқымды жұмыс істеп, биылғы 9 айда 4 тұлғаға 5 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Атап айтар болсақ, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек сауда нарығында шекті бағалардан асырғаны үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын 1 тұлғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, сотта қаралған және 345 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Екінші жайт, техникалық шарттарды беру мерзімін бұзғаны үшін 1 субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс сотта қаралып, 5 520 000 теңге айыппұл салынды. Үшіншісінде инвестициялық бағдарламаны тиісті түрде орындамағаны үшін 1 субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, қысқартылған іс жүргізу түрінде 2 760 000 теңге айыппұл салынған. Төртіншісі, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін заңсыз көрсету дерегі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 1 тұлғаға қатысты 2 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды, – деді А.Абдрайхан. Сонымен қатар департаментпен табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізілген. – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі» бойынша, департаментпен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру, мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару. Соңғысы, егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны осы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беріледі. Бүгінгі күнге атқарып жатқан ең маңызды жұмыстың бірі – ол тұтынушылардың назарына табиғи монополиялар субъектілерінің атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесін жеткізу. Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биыл 71 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде тоғызы тұтынушылардың қоғамдық қабылдауына байланысты, 18 жария тыңдау, 10 семинар, 7 кеңес, 3 «дөңгелек үстел», 3 брифинг, «Тарифті инвестицияға айырбастау» тақырыбында 5 отырыс, және 16 комиссия отырысы өткізілді, – деді спикер. Сонымен қатар департаментте атқарылған жұмыстар жайлы БАҚ беттерінде де 180 материал жарияланған. Атап айтқанда, газеттерге 26 мақала шықса, комитеттің сайтында 72 материал, облыстық «Jambyl» телеарнасында және радиода – 18, «Facebook» әлеуметтік желісінде 65 ақпараттық қолдау көрсетілген. Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді. Аяулым Жаманқара