Жаңалықтар

ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

Ардақты ардагерлер! Қадірменді қариялар! Сіздерді мейірім мен ізгілік мерекесіне айналған Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға буын ардагерлер тынымсыз еңбектің үлгісімен қатар, даналық пен адамгершілік сынды құнды қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп келесіздер. Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз көп. Халқымызда қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету игі дәстүрге айналған. Сондықтан да ардагерлерімізді қамқорлық аясынан тыс қалдырмай, құрмет көрсету біздің парызымыз деп білеміз. Бүгінде өңірімізде 130 мыңнан астам зейнеткер болса, тек 15 Ұлы Отан соғысы ардагері қалған екен. Ардақты ардагерлерімізге мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Облысымыздағы барлық жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, әлеуметтік қызметкерлерді, жүрегі жомарт ізгі ниетті барлық адамдарды аға буын өкілдерінің ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұмытпауға, оларға қамқорлық пен қолдау көрсетуге шақырамын. Жалғызілікті, қоғамның қолдауына мұқтаж жандар үшін де жүрек жылуын аямайық. Халқымызда «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген сөз бар. Біз ардагерлеріміздің еңбектерінің, бай тәжірибелерінің, дарқан даналықтарының алдында қашанда басымызды иеміз. Сіздерге, отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсаулық, берекелі, ұзақ ғұмыр тілейміз. Ізгі ниетпен Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі, Абдалы НҰРАЛИЕВ, облыстық мәслихаттың төрағасы