Жаңалықтар

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі

Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 48 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды,оның ішінде: тізім бойынша – 16, жоспардан тыс- 32,оның ішінде: 6 – Комитеттің тапсырмасы бойынша, 26 - заңды және жеке тұлғалардың үндеуі бойынша.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 46 нысанда жалпы сомасы 7 322,0 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде:               1 401,7млн.теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 920,3 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 5 342,2 млн.теңге. Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1 401,7 млн.теңгеден қолданылған шаралар арқылы 810,4 млн.теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 57,8пайызды құрады. Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша мекеме және кәсіпорын басшылары анықталған бұзушылықтар үшін 64 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 19 әкімшілік материал салу – 3,6 млн.теңге, өндірілгені – 3,6 млн.теңге, яғни орнын толтыру 100,0 пайызды құрады. Арыздар және Комитеттің тапсырмасымен жүргізілген аудит материалдарының  жалпы сомасы 194,0 млн.теңгені құрайтын 4 материал құқық қорғау органдарына берілді. Одан бөлек, Департамент қызметкерлері тарапынан 2023 жылдың өткен мерзімінде құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 2 171,2 млн.теңгені құрайтын 6 қорытынды берілген. Барлық материалдар құқық қорғау органдарының талабымен берілді. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде камералдық бақылаумен 13085 мемлекеттік сатып алу қамтылды, бұл қарауға жататын 13332 мемлекеттік сатып алу санының 98,1% - ын құрайды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2589 хабарлама жіберілді, оның ішінде 2523 хабарлама орындалды, бұл жіберілген хабарламалардың жалпы санының 98,9% - ын құрайды. Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекттік аудит Департаментінің басшысы М.Егембердиев