Таразда дәрігерлерге арналған пайдалы оқыту тренингтері өтті
Таразда дәрігерлерге арналған пайдалы оқыту тренингтері өтті
27-28 қазанда ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) мамандары Жамбыл облысы медициналық ұйымдарының дәрігерлеріне дәріс оқыды.
Оқу шаралары ҚР ПІБ Медициналық орталығының өңірдегі күндері аясында ұйымдастырылды.
Бірінші тренинг «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясында» науқастарға жайлы қызмет көрсету тақырыбында өтіп, оны МТАЖО оқу орталығы басшысының орынбасары Майра Бакенова жүргізді. Дәріс тыңдағандардың арасында медициналық қызметкерлер, әкімшілік-басқарушылық персонал мен call орталық қызметкерлері де болды.
Тренингте науқастармен арада болған дауды реттеу, күйзеліске төзімділік мәселелері мен цифрлық сервистердің мүмкіндіктері сөз болды.
Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына қарайтын №5 қалалық емханада өткен шара барысында МТАЖО президенті Қази Тілеубеков орталық пен оның көрсететін қызметтері жайлы айтып берді:
«Біздің орталық 12 жылдан бері ПІБ жүйесіне қарайтын ведомстволық ұйымдар жұмысшыларының кадрлық әлеуетін жетілдіруді мақсат ететін білім беру қызметін жүзеге асырады. Орталықтың қоржынында жеке және іскери құзыреттерді арттыруға арналған онлайн/офлайн форматтағы 70-тен астам білім беру шешімі бар».
Орталық тек медицина қызметкерлеріне ғана тренингтер ұйымдастырады.
«Оқытудың бір бағыты денсаулық сақтау саласына арналған. Бұл бағытта тіркеу бөлімі, әкімшілер, медициналық ұйымдардың call орталықтарының қызметкерлеріне, жеке және кәсіби құзырларды дамыту бойынша басшылық пен дәрігерлерге, орта және кіші медициналық персоналға коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша практикалық семинар/тренингтер өткізіледі. Емханалар мен ауруханалар үшін эмоционалды күюдің алдын алу, күйзелісті басқару, науқастармен дауларды басқару, менеджмент үшін уақытты басқару, медицинадағы Кайдзен және өзге де тақырыптар бойынша корпоративтік форматтағы оқулар ұйымдастырылады», – деп қосты Қази Тілеубеков.
Шараға қатысушылар сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, орталықта білім алу мүмкіндіктерін талқылады.
Айта кету керек, мұндай шаралар жыл ішінде еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы