«АДАЛДЫҚҚА БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
«АДАЛДЫҚҚА БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Акцияны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті және аудан әкімі бекіткен 15 тармақтан көзделген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс атқарылды. Шара барысында ауданның барлық ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлер орнатылды. Халық көп шоғырланатын орындарда 17 іс-шара ұйымдастырылып, 1000-ға жуық адамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама материалдары таратылды. Аудандық, ауылдық деңгейдегі 36 «WhatsApp» чаттарға бейнероликтер мен таратпа материалдары жолданып, 5 500-ден аса адам қамтылды. Сондай-ақ 25 сауда орталығы мен дүкендердегі тауар өнімдеріне 3000 стикер жабыстырылып, олардың кіреберістеріне тиісінше жадынамалар орналастырылды. Аудан тұрғындарын мәдениеттілік пен тазалыққа шақыру мақсатында «Тазалық пен адалдық – адамдықтың қасиеті» акциясы аясында волентерлер аула тазалау жұмыстарын ұйымдастырып, іс-шараға 30-ға жуық тұрғын белсенді қатысты. Облыс орталығынан барған заңгер-волонтерлер халық көп шоғырланған орындарда 20-дан аса тұрғынға заңнамалық кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ іс-шараға бюджеттік мекеме қызметшілері қатысып, өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында 61 ақпарат жариялады. Аудандағы 43 мекеменің кіреберістеріне және ғимарат ішіндегі көрнекі орындарда 1424 call-орталығы туралы жадынама орналастырылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаевтың айтуынша, бір аптада Жамбыл ауданында 12 000-нан астам аудан тұрғынына ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген. – Жоспар шеңберінде департамент өкілдері, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласының мамандарымен кездесу, ал «Бизнеске жол» жобасы аясында ауданның кәсіпкерлерін қабылдау жүргізді. Акция аясында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, оған 912 адам қатысты. Сауалнама қорытындысымен денсаулық сақтау саласында 217 респондент, білім саласында 153 респондент, және әлеуметтік қамсыздандыру саласында 101 респондент сыбайлас жемқорлық жиі кездеседі деп көрсеткен. Жұмыстың нәтижесі және әлеуметтік сауалнама қорытындысы аудан әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, нәтижесі бойынша департаментпен бірнеше хаттамалық тапсырма берілді, – деді Айбек Әжібаев.