Облыстың дамуында оң нәтиже бар
Облыстың дамуында оң нәтиже бар
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде аймақтың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің игерілу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша хабарлама жасаған облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева жыл басынан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілгенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім осы жылдың І тоқсанында 549 миллиард теңгені құрап, 1,4 пайызға артқан. Жыл соңына дейінгі жоспар 103,4 пайыз межеге жету. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп саласына 21,6 пайыз, оның 15,2 пайызы өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалауға – 13,3 пайыз, саудаға – 10,6 пайыз, құрылыс – 5,8 пайыз, ауылшаруашылық саласына 5,3 пайызы тиесілі. Жедел деректер бойынша, экономикалық өсім 104,8 пайызды құраған. Сонымен бірге 8 айда өнеркәсіп өнімінің өндірісі 6,7 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 24,8 пайызға, тұрғын үй – 1,2 пайызға, сауда – 2 пайызға, байланыс 8,2 пайызға артқанымен ауылшаруашылығы – 3 пайызға, көлік қызметі 0,7 пайызға төмендеген. Жыл басынан бүгінге дейін негізгі капиталға 268 миллиард теңге инвестиция тартылып отыр. Өнеркәсіп саласында оң динамика жалғасуда. Яғни бұл салада 574,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға жалпы 268 миллиард теңге инвестиция тартылды. Инвестиция көлеміндегі жеке инвестиция 35,2 пайызға артты. Есепті кезеңде жалпы инвестиция көлемінде үлесі 23,3 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына 62,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, 26,8 пайызға төмендеді. Ауылшаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,6 есеге артып, 24,5 миллиард теңгені құрады. Соңғы 8 айда 133,8 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары көлемінің 80,2 пайызы жекеменшік, 19,7 пайызы шетелдік, қалған 0,06 пайызы мемлекеттік меншік қаражаты. Есепті кезеңде шетелдік қаражат 2,5 есеге, мемлекет қаражаты 43,3 пайызға, жекеменшік қаражат 16,9 пайызға артты. Есепті кезеңге 389,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, барлық аудандар мен Тараз қаласында өсім қалыптасты. Жекеменшік қаражат көлемінің жылдан-жылға артуы есебінен үлес салмағы 94,6 пайызға жетіп, ал мемлекет қаражаты бар болғаны 5,4 пайызды құрап отырғаны байқалады. Айта кету керек, бұл келісімшартттардан бөлек, сондай-ақ қырғыз еліне қазақстандық азық-түлік, құрылыс материалдары және кешенді микротыңайтқыштар, натрий цианиді секілді өнімдерді экспорттауға келісім орнатылды. Барлығы қол қойылған 10 келісімшарттың жалпы құны 24,82 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл келісімдер іргелес қонған қос елдің арасына берік байланыстың алтын көпірін салып, ынтымақтастық пен іскерлік қарым-қатынасты жалғастыруға негіз болмақ. Осы күні түстен кейін екі ел кәсіпкерлері В2В кездесулерін өткізіп, өзара мәселелерін талқылады. Іскерлік кездесуден кейін Қырғыз елінен келген делегация мүшелері «Тектұрмас», «Айша Бибі», «Қарахан баба» кесенелері сынды облыстың киелі жерлеріне барды. Сонымен қатар облыстағы ірі кәсіпорындарды аралады. Ал Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I Өңіраралық ынтымақтастық форумының екінші күнінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов келді. Қазақстан тарапынан іс-шараға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, энергетика вице-министрлері Жандос Нұрмағанбетов, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев қатысты. Форумда бизнес өкілдері іскерлік әріптестіктің практикалық мәселелерін талқыласа, өңірлер экономикалық және әлеуметтік дамудың, агроөнеркәсіптік кооперацияның және су-энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов алғашқы сөзінде форумның өткізу мақсаты туралы баяндады. – Бүгінгі форум екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатынына, елдеріміздің өңірлерін жақындастырып, экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін айқындайтынына сенімдімін. Қазақстанда 3,5 мың бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді, өткен жылдан бері олардың қатарына 200-ге жуық жаңа компания қосылды. Біздің инвестициялық ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктері әлдеқайда кең екені сөзсіз және біз бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға мүдделіміз. Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары барысында біздің облыстарымыз ынтымақтастықты дамыту туралы алты құжатқа қол қойды. Бүгінгі форум шеңберінде екі тараптың тағы екі облысы арасында бауырластық байланыстар орнатылып отыр, – деді Үкімет басшысы. Осы тұрғыда Үкімет басшысы I Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу орны ретінде таңдалған Жамбыл облысының маңызы ерекше екенін атап өтті. Жамбыл облысы арқылы логистикалық бағыттардың негізгі бөлігі өтеді. Сонымен қатар өңірде қырғыз тарапының қатысуымен ашылған кәсіпорындардың тең жартысы тіркелген. Өзінің кіріспе сөзінде Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы-Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанды көп ғасырлық берік достық пен бауырластық, ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтарға негізделген тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. – Форум өзара тиімді жаңа жобалар мен бастамалармен ерекшеленіп, экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға, елдеріміздің өңірлері арасындағы іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге серпін беретініне сенімдімін, – деді ол. Форумның пленарлық отырысы барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те сөз сөйледі. – Қырғыз елі ертеден біздің өңір үшін бауырмал көрші, сауда-экономикалық әріптес екені белгілі. Бұған біздің ұзындығы 720 шақырымға жуық шекарамыз, 8 шекаралық бекетіміз өзінің септігін тигізеді. Жамбыл облысында Қырғызстан кәсіпкерлері үшін жағдай жасалуда. Мәселен, Қырғыз елінің 4 мыңнан астам азаматы өз қызметін сауда нүктелерінде және ауылшаруашылығы бағытындағы кәсіпорындарда жүзеге асыруда. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сауда қатынастарын арттыру және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында біздің облыс нарықтарында қазақстандық тауарлармен бір мезгілде қырғыз тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық өнімдері де кеңінен ұсынылды. 2023 жылдың басынан 15 қыркүйекке дейін Жуалы ауданының «Маймақ» стансасынан «Қаражыра» маркалы 31,1 мың тонна көмір экспортталды. Өткен жылы мамырдан қыркүйекке дейін Қырғыз Республикасының Талас облысына автокөлікпен 17,5 мың тонна көмір экспортталды, – деді Ербол Шырақбайұлы. Келесі кезекте екі елдің Үкімет басшылары Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 11-отырысы хаттамасына, ал Шымкент және Ош қалалары, Ақтөбе және Жалал-Абад облыстары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойылды.