Заң

Тоқсандық тексеру жұмыстары жүргізілді

Тоқсандық тексеру жұмыстары жүргізілді

Қоғамның тыныштығы мен құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларының аянбай еңбек ететіні белгілі. Өйткені, елге қызмет ету – жауапты міндет. Оның үстіне, шен таққан әрбір полицей өзгелерге үлгі болуы тиіс. Бұл ретте олардың заң талаптарын қатаң сақтауы басты назарда. Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны Әмина Масатбай жеке құрам қызметкерлерінің басқаруындағы автокөліктердің құжаттарын тексерді. Мекеме басшылығының нұсқауымен ұйымдастырылған тоқсандық тексеру жұмыстарында ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.