КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – нарық сұранысы
КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ – нарық сұранысы
Мұхит Аманқұлұлының айтуынша, өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында 32 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында мемлекеттік аттестациялау өткізілген. Нәтижесінде 2 мемлекеттік, 3 жекеменшік колледж алқашқы реттен аттестаттаудан өткен. 27 колледж қайта аттестаттаудан өткізілді. Сондай-ақ биыл 2 колледжде ротациялау жүргізіліпті. – 2020-2021 жылдары колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына облыстағы 11 колледж 14 мамандық бойынша 3,7 миллиард теңгеге заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілді. Олардың жетеуі аудандарда орналасқан. Ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа 18 колледж («Қазфосфат», «Имсталькон», «Палацио») бейіндері бойынша беріліп, үшжақты меморандумдар жасалды. 2022-2023 оқу жылында 44 колледждің 37-сі, яғни 84 пайызы 57 мамандық бойынша 6 406 студентті дуальдік оқытумен қамтыды. 2022-2023 оқу жылында кәсіпорындардың нақты сұранысына сәйкес 257 орын мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысына студенттер қабылданды. Яғни 96 жұмыс берушімен колледж арасында келісімшарт жасалды. 2023-2024 оқу жылына бұл көрсеткіш 350 орынға артты. Өткен жылы барлығы 5 921 түлектің 4 679-ы жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 3 627 түлектің 3 018-і жұмыспен қамтылған. Зейнетақы төлеу орталығының мәліметінебойынша, жалпы 5 921 түлектің 3 651-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 3 627-сі мемлекеттік тапсырыс негізінде бітірген түлектің 3 018-і жұмыспен қамтылған, – деді спикер. Айжан ӨЗБЕКОВА aizhan-uzbekova@mail.ru