ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Мақсаты – ғимараттардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын жарнамалайтын граффити жазуларды өшіру бойынша жұмыстар жүргізу. Іс-шара барысында волонтер жастар Қазыбек би №106, 108, 110 мекенжайында орналасқан үйлердің қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар жазулардың граффитиін өшірді. Сондай-ақ жастарға құқықтық сауаттылық беретін ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Граффити жазуларды енгізгені және интернет желілерде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК 299-1-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша жаза көзделген. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасағаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Есірткі заттары туралы құпия белгі жасайтын адамдар есірткі заттарын өткізгені үшін жауап береді және ҚР ҚК 297-бабы бойынша 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал жалпы білім беретін мекемелерде не кәмелетке толмағандарға есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға тартылатын болады.
«AR-AI»-ақпарат