Қоғам

Бір АПТАДА ОБЛЫСТА 20 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Бір АПТАДА ОБЛЫСТА 20 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Өткен аптада, яғни 11-18 қыркүйек аралығында облыс аумағында 20 төтенше жағдай мен оқиға тіркелді. Бұл оның алдыңғы аптамен салыстырғанда 7 жағдайға көп.

Атап айтар болсақ, техногенді сипаттағы 20 оқиға тіркеліп, нәтижесінде 5 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза болғандар тіркелген жоқ. Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерімен 80 рет құтқаруға шығу жүзеге асырылған. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 7 оқиғаға аз. Ал «Қазгидромет» облыстық филиалынан 4 дауылды ескерту келіп түсті және пысықталды. Облыс тұрғындарын хабардар ету үшін ұялы байланыс операторларына 8 СМС-хабарлама жіберілді. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 4 СМС-хабарламаға көп. Сондай-ақ «101» және «112» желісіне жалпы 17 707 қоңырау түсті. Оның ішінде жедел сипаттағы – 7 009, жедел сипаттағы емесі – 11 698. Сонымен қатар сол аралықта 13 589 қоңырау түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі