Жаңалықтар

ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫНДАР ҰРПАҚ СҮЙЕ АЛА МА?

ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫНДАР ҰРПАҚ СҮЙЕ АЛА МА?

Егер сіз нәрестелі болуды қалап, бірақ қант диабетіне душар болсаңыз, осыған қарамастан өмірге сау бала әкеле аласыз. Алайда кейбір дерттердің асқыну ықтималдығы бар екендігін білуіңіз керек. Осы мәселеге орай мамандар төмендегідей кеңес береді.

Сізге 1 немесе 2 типті қант диабеті диагнозы қойылса, қауіп жоғары болуы мүмкін: ірі нәресте қиын босану барысын ауырлатып, толғақ шақыру немесе кесарь тілігін жасау қажет болады, тіпті пациенттің түсік тастауы да мүмкін. Қант диабетімен ауыратын әйелдерде жүкті болса да, болмаса да көз, бүйрек кеселдерінің даму қаупі бар (диабеттік ретинопатия, нефропатия). Жүктілік олардың даму қаупін арттырып, ағзадағы кінәраттарды күшейте түсуі мүмкін. Егер сізде 1 немесе 2 типті қант диабеті болса, балаңызға қауіп төнуі мүмкін, бұл: - туғаннан кейінгі жүрек және тыныс алу проблемалары; - кейінірек семіздік немесе қант диабетінің дамуы; - бала туабітті денсаулық кінәратына, атап айтқанда, жүрек пен жүйке жүйесінің ауытқуларымен тууы мүмкін, өлі тууы немесе туғаннан кейін көп ұзамай шетінеуі мүмкін; - жүктілікке дейін және жүктілік кезінде қант диабетін дұрыс басқару бұл қауіптерді азайтуға көмектеседі; Қант диабетімен ауыратын әйелдерде шала туған нәрестелерді босану ықтималдығы 5 есе жоғары. «Жүктілікті жоспарлау керек. Жүктілік алдында жүктілікті жоспарлау жөнінде эндокринолог дәрігерден кеңес алу қажет. 3 айда 1 рет гликирленген гемоглобинге тест тапсыру керек. Егер 6,5 пайыздан деңгейді төмен түсіре алмасаңыз, сізге және сіздің балаңызға асқыну қаупін азайту үшін оны мүмкіндігінше жақындатуға тырысыңыз. Егер оның деңгейі 10 пайыздан жоғары болса, ол нысаналы мәндерге жақындағанша жүкті болуға тырыспауға кеңес береміз» дейді мамандар. Пациентте қант диабеті болса және жүкті болғыңыз келсе, күніне 5 миллиграмм фолий қышқылын қабылдау керек (жүктіліктің 12 аптасына дейін). Фолий қышқылын қабылдау баланың омыртқасының ыдырауы және диабеттік фетопатия сияқты туабітті ақаулардың дамуын болдырмауға көмектеседі. Егер қант диабетін бақылау үшін дәрілер қабылдасаңыз, инсулин инъекциясына ауысуыңыз керек. Жүктілік кезінде қандағы глюкозаны жиі бақылаған жөн, өйткені жүктілік кезінде жүрек айнуы, құсу оның деңгейіне әсер етуі мүмкін. Дәрігер немесе акушер бұл туралы кеңес бере алады. Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия белгілерін анықтау үшін көзді үнемі тексеру қажет. Егер ол ерте анықталса, оны емдеуге болады. Циклоскопия жасау керек. Егер сізде қант диабеті болса, консультанттың басшылығымен босану ұсынылады. Дәрігерлер босануды ерте бастауды ұсынуы мүмкін. Жүктіліктен кейін қандағы глюкозаны бақылау үшін көп инсулин қажет емес. Инсулин дозасын жүктілікке дейінгі дозаға дейін төмендетуіңіз керек немесе жүктілікке дейін қабылдаған дәрілерге қайтып оралуыңыз керек. Бұл туралы эндокринологпен кеңесу қажет.